Сағадат Қожахметұлы Нұмағамбетов 1924 жылы мамыр айында қазіргі Ақмола облысының Ақкөл ауданындағы Қосым ауылында дүниеге келген. Егемен елдің тұңғыш Қорғаныс министрі, Халық қаһарманы, армия генералы, Әскери қайраткер, кешегі Кеңес Одағының батыры С.Нұрмағамбетов өзінің әскери еңбек жолын Кушка қаласындағы Түркменстанның әскери училищесінен бастаған. Аталған әскери оқу орнын 1943 жылы сәуірде аяқтаған оны майдан шебіне жібереді. Әуелі Солтүстік Кавказ, 4-ші Украина және 1-ші Белорусь майдандарында взвод, рота және батальон командирі қызметтерін атқара жүріп, Польша жерінде Пилица өзенінің сол жағалауындағы Плацдарм үшін болған ұрыста ерекше ерлік көрсетті. Сөйтіп 22 жасында Кеңес Одағының Батыры атанды.

Соғыс аяқталғаннан кейін Сағадат Нұрмағамбетов 1949 жылы Мәскеудегі Әскери академияны бітіріп, Түркістан әскери округі штабында қызмет істеді. 1954-1958 жылдары мотоатқыштар полкінің командирі, 1958-1961 жылдары мотоатқыштар дивизиясының штаб бастығы, 1962-1969 жылдары Қазақ КСР Азаматтық қорғаныс штабының бастығы, 1969-1989 жылдары Орта Азия әскери округі қолбасшысының орынбасары, Оңтүстік әскери тобы қолбасшысының бірінші орынбасары болды. 1991-1992 жылдары Қазақстан Республикасы мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы, 1992-1995 жылдары Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш қорғаныс министрі, 1995-1996 жылдары ҚР Президентінің кеңесшісі қызметтерін атқарды. Қазақстанның тәуелсіздік алған алғашқы жылдарында Сағадат Нұрмағамбетов аумақтық тұтастықты қамтамасыз етуде, республиканың қарулы күштерін құруда, ұлттық кадрларды даярлауда үлкен еңбек сіңірді. Генерал Алматы, Астана, Донецк (Украина) қалаларының, Ақмола облысының Ақкөл ауданының құрметті азаматы. С.Нұрмағамбетов сондай-ақ Ленин, екі Қызыл Жұлдыз, 1, 2-ші дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Ту, Құрмет Белгісі, Октябрь революциясы, екі Еңбек Қызыл Ту, “Отан” ордендерімен, медальдармен, шетелдердің орден-медальдарымен марапатталған.

Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, Кеңес Одағының батыры және “Халық қаһарманы” Сағадат Нұрмағамбетовтың өткен өмір жолы әр жас сарбаз үшін үлгі-өнеге. Егемен елдің ең жоғарғы наградасы – “Халық қаһарманы” атағын және ерекше айырым белгісі Атын жұлдыз бен “Отан” орденін республикамызда бірінші болып алды. Мұндай жоғары атақ Қазақстан Республикасына сіңірген аса көрнекті қызметі үшін оның бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы азаматтық және жауынгерлік ерліктері үшін берілді. Армия генералының Қазақстан қорғаныс саласына қосқан орасан зор үлесі туралы Елбасымыз былай деп еді: “1992-1995 жылдар аралы­ғын­да Қорғаныс министрлігін бас­қар­ған Сағадат Қожахметұлы біздің армиямыздың қалыптасуында маңыз­ды рөл атқарды. Қазақстан Қару­лы Күштері қалыптаса баста­ған сонау күрделі кезеңде оның тәжірибесі, әскерилер ортасындағы биік беделі және Отан алдындағы адал қызметі ауадай қажет болатын”. 1999 жылы Астана қаласында ашылған “Жас ұлан” республикалық әскери мектебіне генерал С.Нұрмағамбетовтың аты берілген.

2013 жылы 24 қыркүйекте 90 жасқа қараған шағында аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасының алғашқы Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов өмірден озды. 

Бүгінде тұғырлы тұлғаның жауынгерлік жолын жас ұрпаққа насихаттау үшін Ақкөл ауданының орталығында осы жердің тумасы, Кеңес Одағының батыры, халық қаһарманы, армия генералы, еліміздің тұңғыш қорғаныс министрі – Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтің құрметіне мемориалды мұражай ашылған. Мұнда сонау сұрапыл соғыс жылдарынан сыр шертетін мұрағаттар, сирек кездесетін фотосуреттер, Сағадат Нұрмағамбетовтың ерлігі үшін алған медальдары мен кәдесыйлары қойылған. Жауынгердің өзі қолданған қару-жарақтарын, отбасылық альбомдарын да осы арадан табуға болады. Музей қорын толықтыруға тарихи тұлғаның өзі қолқабыс еткен. Міне, бүгінгі күні Сағадат Нұрмағамбетов өскелең ұрпағымыз бен ұландарымызға, сарбаздарға үлгі болары даусыз.

КСРО марапаттары:
Ленин орденi
Қазан төңкерiстiң орденi
Қызыл туды орден
I дәреженiң Отечественная соғысын орден
II дәреженiң Отечественная соғысын орден
Екi қызыл жұлдыз орденi
III дәреженiң ССРОсы қарулы күштегi отанына қызметке орден
Екi Қызыл ту еңбек орденi
Құрметтiнiң таңбасы орден»
Жауынгерлiк зор еңбектерде медаль»
Әскери айбынға медаль. В.И.лениннің туған күнiңе 100 жасқа толу тойының құрметпен өткiзуiне.» ССРОның мемлекеттiк шекарасының қорғауындағы ерекшелігі үшінмедаль»
1941-1945 жылда-шы ұлы отан соғысындағы Германияның үстiнде Жеңiске медаль.»
Ұлы отан соғысына 20ж. Жеңiс медаль 1941—1945 жылда.»
Ұлы отан соғысына 30 Жеңiс медаль 1941—1945 жылда.»
Ұлы отан соғысына 40 Жеңiс медаль 1941—1945 жылда.»
Берлин алынуына медаль»
Варшава босатуына медаль»
ССРОның қарулы күштерiнiң ардагерi медаль»
Жауынгерлiк достастықтың күшейтуiне медаль»
ССРОның 40 Қарулы жылдар медаль»
ССРОның 50 Қарулы күштері медаль»
ССРОның 60 Қарулы күштері медаль»
I, II және III дәрежелердiң мiнсiз таза қызметiне медаль


Қазақстан
Қазақстан халық қаhарманы
Отан ордені Астана медаль»
Қазақстан республикасының Қарулы күштері 10 ж. медаль»
Қазақстан республикасының тәуелсiздiгi 10 ж. медаль»
1941—1945 ж.»ұлы отан соғысы Жеңiс 50ж.медаль
1941—1945 ж.»Ұлы отан соғысына 60 Жеңiс жылдары медаль 1941—1945 ж.»


Ресей
Достық орденi
Жуково медалі


Украина
III дәрежелі Богдан Хмельницкий атындағы орденi
III дәрежелі зор еңбегі үшін орденi
Украина Президентінің құрметтi таңбасы


Болгария
1944 жылдың «9 қыркүйегі орденi»


Польша
Алтын крест

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-38-53
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: zhasulan@mod.gov.kz

Инстаграм: militarycollege