Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысы өтіп, онда әскери орта білім беру жүйесін дамыту перспективалары талқыланды. 

Биылғы жылы әскери оқу орнынан кәсіби сержанттардың алғашқы легі қанат қағады. Сарбаздың жауынгерлік дағдылары, әскери тәртібі және бөлімшедегі моральдық-жауынгерлік рухы көбіне сержанттардың дайындығына байланысты. 

Комитет отырысы Ұлы Отан соғысының батыры, Халық Қаһарманы және егеменді еліміздің алғашқы қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына орайластырылды. 

Қорғаныс министрлігінің әскери орта білім беру жүйесі елдің нормативтік-құқықтық және оқу-әдістемелік алаңымен бірыңғай жұмыс істейді және бұл оқыту жүйесіне екі әскери колледж бен үш «Жас ұлан» республикалық мектебі кіреді. 

Қазіргі уақытта ҚР Қарулы күштерінің Әскери білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасына сәйкес 2030 жылға дейін ведомстволық бағынысты мектептерді әскери колледждер ретінде кезең-кезеңімен қайта құру жұмыстары жүргізілуде, бұл олардың кәсіби сержанттармен жасақталуын арттыруға және мамандықтар ауқымын едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді. 

Депутаттар әскери колледждің инфрақұрылымымен танысып, педагогтармен, ұландармен, кадеттермен кездесті. Кездесу барысында үздік оқушыларға Парламент Мәжілісіне экскурсия ұйымдастыру туралы ұсыныс қолдау тапты.

– Біздің комитет әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыруға ерекше көңіл бөледі. Біз колледждің оқу-материалдық базасымен, білім алушы ұландардың тұрмысымен таныстық, – деді Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан. – Одан өзге бізге назардан тыс қалдыруға болмайтын және оларды шешу бойынша шаралар қабылдану тиіс проблемалар да айтылды.

Бұған қоса ол комитеттің қарауында армияның имиджін және әскери кәсіптің беделін арттыруға бағытталған әскери-патриоттық тәрбие мәселелері жөніндегі заң жобасы бар екенін, оған түзетулер енгізу көзделетінін мәлімдеді.  

Сапар соңында Мәжіліс депутаттары кадеттермен бірге колледж аумағына шырша ағаштарын отырғызды.

 

 
Әскери колледждің әскери қызметшілерінің балалары арасында Тәуелсіздік күніне арналған суреттер байқауы өтті. 
Байқаудың барлық қатысушыларына естелік сыйлықтар, сондай-ақ әскери колледж басшылығының атынан грамоталар табыс етілді.
 
 

2023 жылғы 13 желтоқсанда әскери колледжінде ҚР БП ҚСжАЕК міндеттері мен функцияларын түсіндіру бойынша жеке құраммен әңгімелесу өткізілді. Әскери Департамент прокурорлары құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс жүргізді. Прокуратураның ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеуіне, сондай-ақ «e-Otinish» ақпараттық жүйесінің жұмыс принципімен танысуға қатысты мәселелер қозғалды.

Жеке құрамға азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау үшін прокуратура органдарына жүгіну тетігі, жоғары тұрған прокуратураға не сотқа жауаптарға шағымдану тәртібі түсіндірілді, сондай-ақ прокуратура органдарында жеке қабылдау тәртібі түсіндірілді.

Кездесу Ақмола өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасының басшылығымен ұйымдастырылды. Мұндай іс-шаралар ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, жеке құрам арасында жарғылық тәртіп пен әскери тәртіпті сақтау мақсатында өткізіледі.

 

 

АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс аясында армия енералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінде «АИТВ-ның алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді. 
Әңгімелесудің мақсаты жас ұрпақтың АИТВ инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша хабардар болуын арттыру болып табылады.  
Астана қ. АИТВ орталығының эпидемиолог дәрігері Жанна Бекетова ұландарға ауру туралы, ықтимал қауіпті зардаптар туралы, есірткі және өзге де құралдарды пайдаланудың зиянды әсері туралы, сондай-ақ салауатты өмір салтын жүргізудің маңыздылығы туралы жеткізді. 

 

#ҚРҚМ # ҚРҚК #әскери колледж #вичспид #профилактикаВИЧ #зож

 

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Жас Сарбаз» республикалық әскери-патриоттық ән фестивалінің жеңімпаздары марапатталды.

Әскери колледждің ұландары «Фольклор» номинациясының абсолютті жеңімпаздары атанды.

Жеке құрамды жеңісімен құттықтаймыз және одан әрі шығармашылық табыс тілейміз!

Жаңа оқу кезеңі алдында әскери колледждің жеке құрамымен қауіпсіздік шаралары туралы жеткізу бойынша іс-шаралар өткізілді.

 

 

1 курс ұландары спорт, әскери пәндер, интеллектуалдық сұрақтар бойынша жарыстарға қатысты. Іс-шара соңында ұландар шығармашылық нөмірлерін көрсетті.

Бұл іс-шара ұйымшылдықты, еңбекқорлықты, адамгершілік және патриоттық тәрбиелі, сондай-ақ ұландар арасында бәсекелестік рухты қалыптастыру мақсатында өткізілді.

  
 

Әскери колледжінің оқу-әдістемелік жұмыс басқармасының бастығы полковник Хамит Байкенов Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған конференцияға қатысты.

Конференция Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде өтті. Оған Қарулы Күштердің еңбек сіңірген ардагерлері, әскери-ғылыми қызметкерлер, сондай-ақ әскери қызметшілер қатысты. Конференцияға қатысушылар бірінші Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін талқылады.

Әскери колледж ұландары конференцияға онлайн режимінде тыңдаушылар ретінде қатысты.

  

Колледждер арасында #волейболдан өткен турнир армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың жүз жылдығына орайластырылды

Қорғаныс министрлігі мен Астана қаласы Білім басқармасының қолдауымен аталмыш жарысты Atamnyn Amanaty қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

@modgovkz

#военныйколледж #волейбол #уланы #кадеты #колледжастана

  

  

Әскери колледж ұландары Райымбек батыр атындағы №50 мектеп-лицейінің Жас сарбаз сынып оқушыларының салтанатты ант қабылдауына қатысты.

  

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-38-53
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: zhasulan@mod.gov.kz

Инстаграм: militarycollege