2018 жылдың 4 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде жаңа оқу жылы басталды. Бұл оқу жылы жауынгерлік сайыстың «Рухани жаңғыру – жауынгерлік рух тірегі» атты ұранымен өтті.

Яғни Қазақстан армиясын 1 апта бойына жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру жүргізіледі. Бұл дегеніміз әскердегі барлық әскери қызметшілердің ұрысты жүргізу үшін бөлімшелердің әзірлігін арттыру, басқару жүйесін жетілдіру және әскери қызметшілердің дене даярлығын шыңдауға бағытталады.

Сондықтан да біздің мектебіміздің әскери қызметшілерінің жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне тексеру мақсатында «Дабыл» арқылы әскери қызметшілерді жинап, жауынгерлік әзірлік бойынша сабақтар өткізіліп, мемлекеттік құқықтық дайындық, сондай-ақ, парк-шаруашылық күндері барысында жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау, жауынгерлік есептоптарды жеткізу бойынша кешенді сабақтар өткізілді.

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-38-53
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: zhasulan@mod.gov.kz

Инстаграм: militarycollege