Осы аптада генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің әскери қызметшілеріне және ұстаздар ұжымына латын алфавиті негізінде жасалған қазақ әліпбиін таныстыру жұмыстары жүргізілді.

Семинар сағатына арнайы осы мақсатта жұмыс істейтін Президент қолдауымен биыл ғана ашылған Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл – қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталықтың жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Мамырбек Гүлфар Мәжитқызы шақырылды.

Гүлфар Мәжитқызы жаңа әліпбидің тиімді жақтарын, тіл тазалығы мәселесін, ұтымды тұстарын және ең бастысы заман талабына сай келешек ұрпақ үшін бұл реформаның маңызы зор екенін баса айтып түсіндірді.

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-38-53
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: zhasulan@mod.gov.kz

Инстаграм: militarycollege