Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты жолдауын және 2022 жыл «Балалар жылын» қолдау мақсатында генерал Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінде үстел теннисінен, волейбол, шағын-футболдан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрілігінің Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті мен әскери колледж басшылығы спорттық іс-шара ұйымдастырып өткізді.

Аталған спорттық іс-шараға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлер кеңесінің мүшелері, 68665 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі сарбаздары мен «Жас сарбаз» әскери патриоттық клубтарының тәрбиеленушілері қатысты.

Іс-шараны өткізудегі басты мақсат ардагерлер мен жастар арасындағы  ұрпақтар сабақтастығын көрсету, жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу .

Іс-шараның соңында жарыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталып, ардагерлер жастарға ақ тілектерін айтты.

30 08 2022 1  30 08 2022 2  30 08 2022 3

30 08 2022 5  30 08 2022 6

30 08 2022 5  30 08 2022 6

30 08 2022 5  30 08 2022 6

30 08 2022 5  30 08 2022 6

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-38-53
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: zhasulan@mod.gov.kz

Инстаграм: militarycollege