Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінде тамыз айында «Мас жүргізуші – қылмыскер» айлығы өткізілді.

Әкімшілік құқық бұзушылықтардың және әскери қызметшілермен жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында тәрбиелік әңгімелер жүргізілді, сондай-ақ барлық жеке құрамға өткен кезеңнің әкімшілік құқық бұзушылықтардың статистикасы жеткізілді.

Әскери колледжде осындай іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Сондай-ақ, әскери қызметшілерге әскери полиция дайындаған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының бейнероликтері мен альбомдары көрсетілді. Жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес ай сайын «Мас жүргізуші – қылмыскер», «Қауіпсіз жол», «Жылдамдықты естен шығарма», «Назар аударыңыз - жаяу жүргінші» және т. б. түрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады.

БҰҰ-ның мәлімет бойынша, жыл сайын жол апатынан 1,25 миллион адам қайтыс болады. Жол апатынан 20-50 миллион адам түрлі жарақаттармен ауруханаға түседі. Әкімшілік полиция комитетінің мәліметтері бойынша жыл сайын еліміздің жолдарында орта есеппен 18000 жол-көлік оқиғалары орын алады, онда орта есеппен 2500 адам қаза табады және 23000 – ға дейін түрлі дәрежедегі дене жарақатын алады.

Жол-көлік оқиғалары кездейсоқтық емес - ол жол ережелерін сақтамау және негізсіз өзіне деген сенімділіктің салдары. Сақ болыңыз, жол ережесін бұзбаңыз!

01 09 2022 1  01 09 2022 2

01 09 2022 1  01 09 2022 2

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-38-53
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: zhasulan@mod.gov.kz

Инстаграм: militarycollege