Бүгін, 2022 жылдың 1 қыркүйегінде армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінде Білім күні мен жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Әскери колледж бастығы әділет полковнигі Т.Басхожаев өз құттықтау сөзінде жеке құрамға жаңа жетістіктер, ал ұландарға олардың болашағымен байланысты білімді бойларына тереңсіңіруге, оның қыр-сырын ашуға қызығушылықтаны туға тілек білдірді, өйткені әскери колледжде оқу барлық жасөспірімдер үшін болашақ әскери мамандықты құрудың алғашқы іргетасы.

Салтанатты жиынға Әскери колледждің жеке құрамы, 1 және 2 оқу роталары мен олардың ата-аналары қатысты. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті бастығының орынбасары полковник Т.Қалышев ұландарды құттықтап, барлық тәрбиеленушілерге оқуда табыс тіледі.

Концерттік бағдарламамен ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық ансамблінің әншілері ән салып, Құрмет қарауыл ротасы қару-жарақпен дефиле көрсетті.

Әскери колледждің аллеясына 1 және 2 оқу ротасының ұландары жаңа оқу жылының басталуының белгісі ретіне ағаштар отырғызды, бұл әр ұлан үшін жауапты, ал жаңа данкелген жасөспірімдер үшін әскери өмірмен танысудың бастауы болып табылады.
Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінің басшылығы барлық тәрбиеленушілерге сәттілік пен табыс тілейді!

02 09 2022 2  02 09 2022 1

02 09 2022 2  02 09 2022 1

02 09 2022 2  02 09 2022 1

02 09 2022 2  02 09 2022 1

02 09 2022 2  02 09 2022 1

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-38-53
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: zhasulan@mod.gov.kz

Инстаграм: militarycollege