2022 жылдың 6 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласында белтемірге тартылу бойынша «Tartyl Fest» спорттық фестивалі өтті. Генерал Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінің ұландары жарысқа қатысуға ерікті түрде ниет білдіріп, 18 жасқа дейінгі жастар санатында жақсы нәтижелер көрсетті.
Турнирдің ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаев, «Дара» қолдау қорының басшысы Нұрлан Қоянбаев, белгілі спортшы Дамир Муминов, жоба амбассадоры, қоғам қайраткері Айтым Жақыпов қатысты. Олардың барлығы қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тіледі.
Тартылу бойынша жарысқа 650-ден астам адам қатысты. Әскери колледждің ұландары осындай іс-шараға алғаш рет қатысып, өздеріне көптеген жағымды эмоциялар алды.

08 09 2022 2

      

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-38-53
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: zhasulan@mod.gov.kz

Инстаграм: militarycollege