25 мамыр Астана қаласындағы  Әскери колледжінің жеке құрамы Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтің  туылған күніне орай еске алу және мүсініне гүл шоқтарын қою рәсімі өткізді.

Еске алу рәсіміне Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Камалетдинов Сұлтан Бүркітбайұлы  және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің ардагерлері қатысты, атап айтқанда: Халық Қаһарманы, отставкадағы генерал-лейтенант Бахытжан Ертайұлы Ертаев, отставкадағы генерал-майор Мукан Естайұлы Дюсекеев, отставкадағы генерал-майор Бахтияр Омарұлы Сыздыков және т.б. әскери ардагерлер.

Еске алу митингісінде генерал-лейтенант Ертаев Бақытжан Ертайұлы, әскери колледж бастығы полковник Тулеушев Газиз Ауесканұлы және әскери колледж ұланы Сағындық Нұрхат сөз сөйледі.

 Сағадат Нұрмағамбетовтің батырлық, әскери қолбасшы және мән-мағаналы өмірлік жолы,  Тәуелсіз Қазақ елі армиясының құрылу жолындағы әскери қызметі бүгінгі жас ұрпақ үшін үлкен үлгі-өнеге.

Өмірден өткен батыр атамызды еске алу, құрметтеу ұрпақтар парызы.

 

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-38-53
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: zhasulan@mod.gov.kz

Инстаграм: militarycollege