Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінің ұландары Алғыс айту күнін атап өту мақсатында сабақ арасындағы үзілістерде музыкалық құттықтау нөмірлерін ұйымдастырды.

Флешмоб билеп, өлеңдер айтып, әндер шырқап, әскери колледждің барлық қызметкерлеріне қуанышты көңіл-күй сыйлады.

Сондай-ақ ұландар арасында «Алғыс айту» акциясы өткізілді, оның мәні өзінің жеке алғысын жазып, ортақ қорапқа салу. Осылайша, ұлдар мұғалімдерге, әскери қызметшілерге, медицина қызметкерлеріне, асхана қызметкерлеріне және де бір-біріне ризашылықтарын білдірді. Конверттер өз адресаттарына таратылды, ұландардың шынайы алғыс сөздерін оқу кімге де болсын жағымды әсер берді.

Генерал С.Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжінің ұландарымен оқу аптасы бойы Кеңес Одағының Батыры, генерал Сабыр Омарұлы Рақымовтың туғанына 120 жыл толуына арналған сынып сағаттары өтті.
Сынып сағаттарында ұландар оның өмір жолымен және Ұлы Отан соғысында ерлікпен көрсеткен ерліктерімен толығырақ танысты. Ұландар іс-шараға белсенді қатысып, қызықты сұрақтар қойып, Сабыр Рақымов туралы презентация мен бейнероликті қарады.
2022 жылдың 22 және 23 ақпанда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында, сондай-ақ Ұлттық академиялық кітапханада Сабыр Рақымовтың 120 жылдығына арналған тақырыптық кештер өтті. Іс-шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлері, интернационалист-соғыс ардагерлері, Қазақстан Республикасының қоғам қайраткерлері, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Ұлттық қорғаныс университетінің ғылыми қызметкерлері және де «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.

25 02 2022 8

25 02 2022 9

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде құқық бұзушылықтардың алдын алу бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2022 жылғы 21 ақпанда Дін мәселелерін зерттеу орталығымен бірлесіп, генерал Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжінде экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша әңгімелесу өткізілді.

Дінтанушы саласындағы сарапшы Олег Синяков экстремизм мен терроризм тек адамға ғана емес, бүкіл қоғамға, сондай-ақ мемлекетке ең қатерлі қауіп болып табылатыны туралы толығырақ айтып берді. Мұндай әңгімелер ұландармен, әскери қызметкерлермен және азаматтық персоналмен тұрақты негізінде өткізіледі, өйткені діни сауаттылықты арттыра отырып, біз деструктивті идеологияның әскери ортаға енуіне жол бермейміз.

25 02 2022 1

25 02 2022 2

25 02 2022 3

Іс-шара - Ауған соғысындағы тарихи оқиғаларды еске ала отырып, патриоттық рухты нығайту, сонымен қатар жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан ардагерлерге құрмет білдіру мақсатында ұйымдастырылды.
Әскери колледж ұландары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, бірде-бір қатысушыны бейжай қалдырмаған қызықты әңгімелері үшін ардагерлерге алғыс білдірді.
Өмірдің қиын жолдарынан өтіп, Ауғанстанның ыстық нүктелеріндегі ұрыс қимылдарына қатысқан әрбір жауынгер-интернационалистің жадында бұл оқиғалар мәңгілікке қалған.

24 02 2022 1

24 02 2022 2

Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінде жеке және отбасылық жанжалдардың алдын алу, сондай-ақ суицидтік оқиғаларға жол бермеу бойынша онкүндік өтті.
Онкүндік барысында әскери колледжінің әскери қызметшілерімен суицидтік оқиғалардың алдын алу бойынша сабақтар өткізілді. «Жауынгерлік дос» өзара бақылау жүйесі бойынша түсіндіруге ерекше назар аударылды, ол әрбір әскери қызметшінің жеке жай-күйін үздіксіз мониторингтеуге және олардың өзара бақылау жүргізуі арқылы қажетті көмек көрсетуге бағытталған.
Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлармен танысу және проблемалық мәселелерді анықтау мақсатында әскери колледж басшылығы әскери қызметшілердің отбасыларына барды.
Сондай-ақ, онкүндік аясында әскери қызметшілермен және колледж тәрбиеленушілерімен психоэмоционалдық шиеленісті жоюға бағытталған психологиялық тренингтер өткізілді.

2021 жылғы 4-13 қазан аралығында генерал Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінде  «Әскери антқа адал бол!» онкүндігі өтті.

Онкүндіктің басты мақсаты жарғыдан тыс қарым-қатынастың  және өз билігін асыра пайдалану арқылы қол жұмсаудың алдын алу.

Онкүндікте әскери колледждің барлық санаттағы әскери қызметшілерімен сабақтар өткізілді. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Ішкі қызмет Жарғысының баптарының талаптары, атап айтқанда, әскери қызметшілер арасындағы жауынгерлік достықты бағалау, бір-біріне көмек көрсете білу,  өзіне және басқаларға қатысты дөрекілік пен қорлауға жол бермеу туралы жеткізілді.

Онкүндікті өткізу аясында әскери қызметшілермен психология қызметінің мамандарымен жеке әңгімелесулер, тренингтер жүргізілді.

 

         2021 жылғы 11 қазаннан бастап генерал Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінде қорытынды тексеру басталды, онда әскери қызметшілер дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді, қарудан бақылау атыстарын, сондай-ақ кәсіби және арнайы даярлық бойынша сынақтар тапсырды. Сонымен қатар жалпыәскери жарғылар мен мемлекеттік-құқықтық даярлық бойынша білімдері тексерілді. Іс-шаралар саптық байқаулар өткізуден және жеке құрамның басшылық құжаттар мен жалпыәскери жарғылардың ережелерін білуі бойынша сынақтар тапсырудан бастады. Қорытынды тексеру жеке құрамның машығын жан-жақты тексеруге, әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығының нақты деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Тексеру нәтижелері бойынша үздік әскери қызметшілер айқындалады, онда сынақтарды табысты тапсырған әскери қызметшілерге «3-сыныпты біліктілік», «2-сыныпты біліктілік», «1-сыныпты біліктілік» және «Шебер-тәлімгер» сыныптық біліктіліктері беріледі.

Нұр-Сұлтан қаласында армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде салтанатты рәсім өтіп, онда білімгерлер жауынгерлік дәстүрге сай ант берді.

Іс-шара алаңда сап түзеп, әскери колледждің туын шығару сәтінен басталды. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылған салтанатты рәсімге оқу орнының жеке құрамы мен оқушылардың ата-аналары қатысты.
Биыл әскери білім ордасына оқуға түскен еліміздің әр өңірінен келген 127 жасөспірім салтанатты түрде ант берді. Бұл күн олардың әрбірі үшін айтулы күн. Болашақ Отан қорғаушы кәсібіне жасаған алғашқы қадам.

Бірінші курс білімгерлері әскери оқу орынның есімін мақтанышпен атайтын Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

02 10 2021 2

2013 жылғы 24 қыркүйекте 90 жасқа қараған шағында аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасының алғашқы Қорғаныс министрі, армия генералы 2 өмірден озған еді.
1942 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, 1945 жылы Польша жерін азат етуде көрсеткен ерлігі үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Қаһарман қазақ ұланы соғысты Берлинде аяқтады. 1946-1949 жылдар аралығында Мәскеудегі М.И.Фрунзе атындағы Әскери академияны тәмамдап, көп жылдар Қарулы Күштері қатарында үлкен елеулі қызметтер атқарды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың жарлығымен 1992 жылы Егеменді еліміздің ең алғашқы Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалады. Отанына сіңірген адал қызметі үшін №1 «Халық қаһарманы» атағымен марапатталды.
Әскери колледжімізге биыл жаңадан түскен ұлдандарға арнап еске алу рәсімімен және батырдың өмірлік жолымен таныса отырып, тәрбие алу мақсатында «Ерлік сабақтары» өткізілді. Саналы ғұмырын, өмірін әскери салаға арнаған қолбасшының қызметі бүгінгі ұрпаққа үлгі. Ол өзінің ерлік, батырлық, асқан ұлтжандылық қасиеттерімен біздің жадымызда әрдайым сақталады.

24 09 2021 2

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-29-91
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: voencol@mail.kz

Инстаграм: militarycollege