Оқу үдерісі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Білім және ғылым министрлігінің мынада нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сай ұйымдастырылады:

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары (әрі қарай - ҚР МЖМБС-2012);
- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 25 шілдедегі №296 бұйрығымен бекітілген «ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің үлгілік оқу жоспары;
- жалпы орта білім беру ұйымдарының қызметінің үлгілік ережелері (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген);

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №318 бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілуімен) «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелері»;

- «2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаты (2017 жылғы 21 сәуірдегі №5 хаттама);
- «Орта білім беру ұйымдарында 2017-2018 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 19 маусымдағы №292 бұйрығы;
- «Алғашқы әскери дайындық ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі №347 бұйрығы.

Оқу жылы екі жартыжылдыққа бөлінеді:
1 қыркүйек пен 27 желтоқсан - бірінші жартыжылдық;
27 қаңтар мен 25 мамыр - екінші жартыжылдық.
Сабақ кестесі бес күндік - оқу аптасынан тұратын 34 аптаға есептеліп құрастырылады. Оқу жоспары мектептің негізгі міндеттерін орындауға және жалпы орта білімнің базалық құрамы мен құрылымын қамтамасыз етудің талаптары мен нормативтік жүйелеріне, оқушылардың жоғарғы дайындық деңгейіне жауап береді.
2017-2018 жылында мектеп мұғалімдері біліктілік дәрежесін жоғарылатты. Мұғалімдердің біліктілік дәрежесін жоғарылатуы бекітілген жоспарға сәйкес, жыл сайын жүзеге асырылады. Ағымдағы оқу жылында мұғалімдер «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығында және ДББҰ «Назарбаев зияткерлік мектептері» педагогикалық шеберлік орталығында курстар мен семинарлардан өтті.
Мұғалімдер ұжымы «Білім берудің заманауи әдістемелерін қолдану және көптілділік аясында білім берудің мазмұнын жаңарту арқылы оқушының кәсіби құзіреттілігін дамыту» әдістемелік тақырыбы бойынша жұмыс істейді. Осы тақырып аясында олар біріктірілген сабақтар, сонымен қатар оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы ашық сабақтар өткізеді.
«Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымымен бірлесіп, біліктілігін жоғарылату курстары, семинарлар өткізу ұйымдастырылды. Соның нәтижесінде мұғалімдер «Тиімді оқыту» курсын аяқтап, сертификаттар алды. Одан бөлек, Педагогикалық шеберлік орталығының бағдарламасы бойынша «Тәжірибелік рефлексия» және «Критериалдық бағалау» курсын аяқтап, сертификаттар алды.
Ағымдағы оқу жылында мынадай іс-шаралар өткізілді:
18 қазанда 11 сыныптың оқушылары жаратылыстану-математика бағыты бойынша 11 сынып оқушылары арасында өткізілген 10 Президенттік олимпиадаға қатысты;
23-25 қараша аралығында тарих пәнінің мұғалімі Исабаева Р.Т. Шу аудандық білім бөлімімен «Рухани жаңғыру-табысты ел болуымыздың кепілі» тақырыбында ұйымдастырылған ғылыми-тәжірибелік конференциясында баяндама жасады;
 7-8 желтоқсан күндері мектеп тәрбиеленушілері жалпы білім беру пәндері бойынша Республикалық олимпиаданың ІІ-турына қатысты;
23 ақпан күні мектеп мұғалімдері республикалық физика-математика мектебінің базасында өткізілген критериалдық бағалау бойынша семинарға қатысты;
12 сәуірде химия және биология пәнінің мұғалімі Байтуова Т.Т. және 11 сынып ұланы Каримхан Н.К. Қазақ технология және бизнес университетінде «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты;
31 мамыр мен 1 маусым аралығында мұғалімдер Байтуова Т.Т. және Әсен Ә.Т. «Непрерывное образование в интересах устойчивого развития: новые вызовы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты;
4-30 маусым аралығында «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ-мен бекітілген Меморандумға сәйкес, мектеп мұғалімдері орта білімнің мазмұнын жаңарту аясында біліктілігін жоғарылату курстарына қатысты.

Әскери дайындық

Мектептегі әскери дайындық «Алғашқы әскери дайындық ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі №347 бұйрығының талаптарына сәйкес ұйымдастырылады. Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша оқу жоспарынан бөлек, оқу взводының сержанттары тәрбиеленушілермен әскери кәсіби дайындық бойынша тереңдетілген сабақтар өткізеді.
Әскери дайындық бөлімшесінде мынада 5 кабинет бар:
- атыс дайындығы кабинеті;
- Құрлық әскерлері мамандықтары бойынша кабинеті;
- жауынгерлік дайындық кабинеті;
- Әуе қорғаныс күштері мамандықтары бойынга кабинеті;
- Әскери-теңіз күштері мамандықтары бойынша кабинеті.
Оқу жоспарына сәйкес, 10 сыныптың тәрбиеленушілері әскери бөлімнің жаттығу орталығына барады, ол жерде әскери дайындық пен автоматтан алғашқы атыс жаттығуларын тәжірибе жүзінде жүзеге асырады.

Алғашқы ұшу дайындығы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі, Азаматтық авиация комитетінің «Мемлекеттік авиация орталығы» мемлекеттік мекемесі арасында «Жас ұлан» республикалық мектептерінің 10 сынып оқушыларымен алғашқы ұшу дайындығы бойынша факультатив сабақтар өткізуге келісім-шарт түзілген.
Курсты жоғары үлгеріммен бітіріп, сынақ-емтихандарын ойдағыдай тапсырған ұландарға алғашқы ұшу дайындығын өткені жөнінде «Жеңіл авиацияның әуе көліктерін техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша теориялық дайындықтың толық курсын бітіргені туралы куәлк және «Әуесқой ұшқыш» куәлігі беріледі.

Спорт

Спорттық жұмыстар тәрбиеленушілердің спортпен тұрақты түрде айналысуы, олардың спорттық шеберлігін, дене дайындық деңгейін көтеру және бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында жүргізіледі. Ол үшін мектепте мынадай секциялар ұйымдастырылады:
бокс секциясы - соққыларды жетілдіруге арналып ілінген бокс қапшықтары, бокс рингі. Мектептің жұмыс істеген жылдарында мектеп қабырғасынан бокстан спорт шеберлері, спорт шеберлігіне кандидаттар, көптеген қалалық, республикалық және халықаралық турнирлердің жеңімпаздарын даярлап шығарды;
еркін күрес секциясы - жабдықталған күрес кілемінде жүргізіледі, көптеген қалалық, республикалық және халықаралық турнирлердің қатысушылары мен жүлдегерлері бар;
баскетбол секциясынан - көптеген қалалық жарыстардың жеңімпаздары;
волейбол секциясынан - көптеген қалалық жарыстардың жеңімпаздары;
гір көтеру спорты секциясынан - көптеген қалалық жарыстардың жеңімпаздары;
жүзу спорты секциясы - сабақ уақытында мектептің жүзу бассейнінде өткізіледі (жүзу жолақтарының ұзындығы - 25 м).
Мектеп тәрбиеленушілері жыл сайын «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынына, әскери мектептер арасында өткізілетін Әскери-спорттық ойындарға, «Сардар» республикалық кешенді олимпиадасына қатысып, жүлделі орындарды иеленеді.

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-38-53
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: zhasulan@mod.gov.kz

Инстаграм: militarycollege