Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушілері «Біз біргеміз» акциясын қолдау мақсатында «Құлыншақ» балабақшасының аумағын тазалауға көмектесті.

Қарапайым іс-әрекетпен де адамдарға қол ұшын созып, көмек керсетуге болады. «Жас ұлан» әскери мектебі өз тәрбиеленушілерін осыған баулуға тырысады. Мәселен, 29 ақпан күні тәрбиеленушілер қалалық балабақшалардың бірі «Құлыншақ» балабақшасына барып, ойын алаңқайларын қардан тазалады. Балалар таза ауада дем алып, ал ұландар болса балақайларға көмектескендеріне дән риза.

«Бүгінгі таңда біздің ұландар қазіргі барлық жастарға үлгі болып отыр. Мемлекет саясатын қолдай отырып, еріктілер бастамасына белсенділік көрсетіп жүр. Олар өз істерін сөзбен емес, нақты жұмыстарымен көрсеткілері келеді» - дейді «Жас ұлан» мектебінің бастығы әділет полковнигі Тлеухан Калилаұлы.

05.03.20 05.03.20 05.03.20

Address: 010000, Astana city, left side, Korgalzhyn highway 16/1
Oderly unit а Call center +7(7172)47-40-97
Fax +7(7172)47-40-96
e-mail: zhasulan.mil@post.kz

Инстаграм: militarycollege

Website development and support: Gala studio