«Жас ұлан» республикалық мектебі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 наурыздағы №309 «генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі мемлекеттік мекемесін құру мәселесі» қаулысымен мемлекеттік және шетел тілдерін, әскери пәндерді тереңдетіп оқытуға және күшейтілген дене шынықтыру даярлығына арналған жалпы орта оқу орны ретінде құрылды.

Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштері үшін болашақ әскери бастықтарды мектеп қабырғасынан дайындайтын арнайы оқу орнын құру идеясы еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың пікірі.

1999 жылы 4 қарашада Ел Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің ашылу рәсімі болды.

Мектептің презентациясы кезінде елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Құрметті келушілер кітабында жазба қалдырды.

Ол ұландарға Тәуелсіз Қазақстанның адал қорғаушылары, еліміздің лайықты азаматтары болуға тілек білдірді.

Мектепке еңбегі мен өмірі жас Отан қорғаушыларға үлгі болатын Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы Егеменді Қазақстанның алғашқы Қорғаныс министрі армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетов аты берілді.

<

2011 жылғы 8 желтоқсанда ел президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен «Жас ұлан» республикалық мектебінің жаңа ғимаратын салтанатты ашылу рәсімі болды.

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-38-53
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: zhasulan@mod.gov.kz

Инстаграм: militarycollege