«Астана дарыны» дарындылықты ұйымдастыру орталығының жоспарына сәйкес 25 қазан күні  Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясында, 8-11 сынып оқушылары арасында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын Ғали Ормановқа арналған қалалық Ғали оқулары өтті. Бұл аталған іс-шара  мектеп оқушыларына  Ғали Ормановтың өнегелі өлеңдерін насихаттай отырып, дарынды оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға  жағдай жасай білді.

Әр мектептен жиналған дарынды оқушылар үш бағыт бойынша бақтарын сынады. «...Қалса өлеңім көңілде жаққан шамдай» бағыты бойынша ақынның шығармаларын жатқа айту қабілеттерін көрсетсе, «...Түйгенге терең тіпті ой салғандай» бағытында жас қаламгерлеріміз Ғали Ормановтың еңбектері бойынша эссе жазып, қаламдарын ұштай түсті. Ал «...Жанайын деген бір шырақ» бағытында  ақынның шығармалары бойынша иллюстрациялық сурет салып, оқушылар өз бақтарын сынады. Аталған іс-шараға Генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінен Жандарбек Аңсар, Бекетов  Ақарыс, Қозыбаев Едіге қатысып, өз жұмыстарын ұсынды. Әділқазы алқаларының шешімі бойынша «...Жанайын деген бір шырақ» бағыты бойынша 4 оқу ротасы 3 оқу взводының  ұланы Қозыбаев Едіге жүлделі 3-орынды иеленіп, жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Самалова мақтау қағазымен марапатталды. «Ақша қар жерге шашыңнан, Қылаулап жауып жатса да, Жырыңдай жазған жасыңнан Жарқырай берші, жақсы аға» деп, аталған іс-шара жыл сайын өз жалғасын табуда. 

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-38-53
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: zhasulan@mod.gov.kz

Инстаграм: militarycollege