Генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде Қазақстан Республикасы Халқының Тілдері күні мерекесіне арналған «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты айлық өтті.

Аталмыш айлық аясында мектебіміздің мемлекеттік тілді дамыту қызметі бекітілген жоспар бойынша жеке құраммен Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған әртүрлі іс-шараларды өткізумен ұйымдастырды.

Айлық барысында «Отанымыз-ортақ, тіліміз-түрлі, тілегіміз-бір» қабырға газеті, «Тілім барда айтылар сыр ойдағы...» шығармашылық сайысы,

«Үштілділік - бәсекеге қабілетті ұлт болудың бірінші сатысы» көрме, «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» ашық сабағын өткізумен жалғасын тапты. Айлық соңында мектептің жеке құрамына және мектепке биыл түскен тәрбиеленушілерге арнап «Тілге-құрмет» концерттік бағдарламасымен музыкалық кеш ұйымдастырылды.


Майор С.Апешев

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-38-53
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: zhasulan@mod.gov.kz

Инстаграм: militarycollege