Далалық жиын оқу жылына арналған мектеп жоспарына сәйкес ұйымдастырылып, 10-сынып тәрбиеленушілерімен алған теориялық білімдерін бекіту мақсатында өткізілді, жиынның басты тапсырмасы тәжірибелік жаттығуларды өңдеу, сонымен қатар дағды мен машықты, алған білімді тәжірбиеде шыңдау болып табылады.

Осы мақсатпен жеке құрам атыс қаруларын шебер және тиімді пайдаланып, жаттықты, АК-74 автоматын толық бөлшектеп және жинау бойынша сынақ тапсырды, жалпы әскери қорғаныс жинағын кию бойынша нормативтерді орындады, командир жәшігінің көмегімен АК-74 автоматымен көздеу жұмыстарын жүргізді.

Ұландар оқу-далалық жиында тәжірибелік білімдерін бекітіп, іс жүзінде тактикалық, атыс, инженерлік дайындық және жаппай қырып-жою қаруынан қорғау бойынша жақсы дайындықтардан өтті.

Оқу-далалық жиыны қажетті көрнекілік-үгіт материалдарымен қамтамасыз етілді, сонымен қатар демалыс күндері және бос уақытта далалық жағдайда тәрбиеленушілер үшін мәдени-демалыс және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Оқу роталары мен взвод командирлерінің айтуынша оқу-далалық жиын кезінде мектеп тәрбиеленушілер бойынан моральдық-іскерлік сапа, дене бітімінің дамуы көрінді. Алған білімдерін тәжірибеде көрсетуге тырысты және де ұжымшылдық, өзін-өзі тәрбиелеу, сондай-ақ тәртіп пен жауапкершілікті, достық пен бір-бірлеріне қол ұшын беру дегеннің не екенін сезінді.

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-38-53
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: zhasulan@mod.gov.kz

Инстаграм: militarycollege