Генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің базасында «Тұңғыш» экскурсиялық жобасы аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының өкілдерімен ұйымдастырылған көшпелі экскурсияның онкүндігі өтті.

Мектептің әскери қызметшілері мен тәрбиеленушілері үшін арнайы «Қазақстандағы президенттік институттың қалыптасу және даму тарихы» (Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының жеке мұрағатының құжаттары бойынша) тақырыбында үлкен кешенді көрме көрсетілді.

Елбасы кітапханасы заманауи электронды-мұрағаттық инфрақұрылымға және ұлттық мәдени-тарихи игілік құрайтын бірегей ақпараттық ресурстарға ие.

Тақырыптық экскурсия оқушыларды Н.Назарбаевтың өмірбаянымен байланысты сирек фотосуреттердің, бейнематериалдардың, мұрағаттық құжаттардың толық кешенімен, сонымен қатар комсомол-металлургтен бастап ҚазКСР Министрлер Кеңесінің төрағасы, Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы, Жоғарғы Кеңес төрағалығынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенттігіне дейінгі еңбек жолы таныстырылды.

Экскурсия барысында мектеп тәрбиеленушілеріне Елбасы Н.Назарбаевтың қызметі арқылы еліміздің Тәуелсіздік тарихын баяндайтын мұрағат, кітап, мұражай материалдарының бірегей жиынтықтары ұсынылды.

Әскери қызметшілер мен мектеп тәрбиеленушілері мұражай қоймаларындағы материалдарды жақыннан көруге, сондай-ақ Қазақ КСР республикалық баспасөздерінде жарияланған
XX ғасырдың 60-70 жылдарындағы құжаттардың беттерімен танысуға мүмкіндік алды.

«Тұңғыш» экскурсиялық жобасы Елбасының жасампаздық-шығармашылық идеялары мен бастамаларын танымал етуге, кітапхананың бірегей қорларын насихаттауға, экскурсияларды ұйымдастыру әдістерін дамытуға, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірімен, қызметімен танысуға бағытталған,- деді өз сөзінде кітапхана бастығының орынбасары Ақтаева Күләйша ханым.

«Тұңғыш» экскурсиялық концепциясы «Тарихи таңдау. Басталуы», «Тарихи таңдау. Шыңға шығу», «Президентке құрмет – халыққа құрмет», «Атамекен» және «Қазақстанның спорттық даңқы» деген әртүрлі тақырыпта ұйымдасытырлған.

Көшпелі экскурсияның форматы тәрбиеленушілерге бірегей материалдар жиынтығымен танысуға, оның ішінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тарихи жолын ашатын бейнехроника, фотосуреттер және мұрағаттық құжаттар, сирек кездесетін кадрларды көруге, сондай-ақ мұрағат құжаттарының беттерін парақтауға, қол жетімсіз мұражай экспонаттарын қолға алып қарауға мүмкіндік берілді.

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-38-53
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: zhasulan@mod.gov.kz

Инстаграм: militarycollege