2018-2019 оқу жылының 26 қарашасы мен 6 желтоқсан аралығында мектебімізде Тілдер әдістемелік бірлестігінің (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері) онкүндігі өтті. «Жаһандану дәуірінде көп тіл білу – болашаққа бастар жол» деген тақырыпта өтіп жатқан бұл іс - шараға аталған пән мұғалімдері белсене қатысты. Онкүндікте өз тіліңді құрметтеп, өзге тілді де жақсы меңгеру қазіргі заман талабы екендігі де үнемі ескеріліп отырды.

Түрлі ашық сабақтар,сыныптан тыс іс –шараларды өткізу барысында ұлттық құндылықтарға баса назар аударылып, онкүндіктің жабылуы мектебіміздің 20 жылдық мерейтойына байланыстырылып «Мектебім - мақтанышым» атты әдеби –музыкалық кеш өткізілді.

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-38-53
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: zhasulan@mod.gov.kz

Инстаграм: militarycollege