Бүгін "Жас ұлан" республикалық мектебіне ерекше генерал Омаров Алидар келді. "Кішкентай генерал" болашақта Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері армия генералы болуды армандаған біздің тәрбиеленушілеріміздің жүрегін жаулап алды. Алидар кішкентайынан әскери мамандыққа қызығушылық танытып, кез келген қарудың сипаттамасын нақты айтып, Қазақстан Республикасы Ішкі және Қарулы Күштерінің барлық генералдарын біледі.

Алидарды, Отанының ең кішкентай патриоты десекте болады, болашақта әскери болуға деген зор ықыласы бар.

Біздің ұландар Алидарға мектепті көрсетіп және тәрбиеленушілердің тұрмыс тіршілігімен таныстырды. Жас генерал спортзал, бассейн, асхана, жатақхана сонымен бірге ұландардың оқитын сыныптарын үлкен ықыласпен танысып шықты.

Мектеп кітапханасында дөңгелек үстел басында мектептің ұландарымен кездесіп, бір біріне сұрақтар қойып, соңында Алидар "Кішкентай офицер"өлеңін айтып берді.

Кішкентай генералға тәрбиеленушілер армия генералы С. Қ. Нұрмағамбетов туралы кітап сыйлап және Алидарға өз арманын жүзеге асыруға және болашақта бүкіл Қазақстанды мақтан ететін армия генералы болуға тілек білдірді!

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-38-53
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: zhasulan@mod.gov.kz

Инстаграм: militarycollege