Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай «Киелі менің – Атамекенім» тақырыбы бойынша Астана қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы «Bilim-orkeniety» ұлттық инновациялық ғылыми–зерттеу орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың қазан айының 26-ы күні республикалық педагогтардың арасында «Үздік ашық сабақ» байқауы өтті.

Мақсаты: педагогтар арасында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» идеясын кеңінен насихаттау арқылы Тәуелсіз қазақ еліне деген құрметті күшейту, педагогтардың бойында ұлттық, патриоттық сана–сезім мен отансүйгіштік сезімін қалыптастыру болып табылады.

Аталған байқауға генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінен қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімдері Истаева Асия Бахторазовна және Утешова Самал Амангельдиновна қатысып, І және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-38-53
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: zhasulan@mod.gov.kz

Инстаграм: militarycollege