Бүгін 2019 жылғы 27 желтоқсан күні генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің оқу бөлімінің ұйымдастыруымен Алматы, Шымкент, Қарағанды қалаларындағы республикалық әскери мектептері  мұғалімдерінің арасында «Жаңартылған білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда критериалды бағалау - оқу үдерісінің басты факторы» тақырыбына онлайн түрінде дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараны өткізудегі мақсат жаңартылған  білім беру мазмұнына көшу барысындағы  қиындықтарды жеңу  және  тәжірибе алмасу, критериалды бағалау технологиясының тиімділігі жөнінде пікір білдіру болды.

Онлайн конференцияны мектебіміздің оқу бөлімінің бастығы  подполковник Х.Б. Байкенов сөз сөйлеп ашып, ұстаздар ұжымын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап және өткізіліп жатқан іс-шараға сәттілік тіледі. Мектебіміздің жоғарғы санатты, физика  пәнінің мұғалімі Г.Ж.Бегимова  «Жаңартылған білім беру бағдарламасындағы критериалды бағалауды енгізудің негізгі қадамдары»,  биолгия, химия  пәнінің мұғалімі А.К.Узденбекова «Критериалды бағалау-білім сапасының маңызы»   тақырыптарында, сонымен қатар  Шымкент қаласынан генерал С.Рахымов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.М.Пазилова «Критериалды бағалау-сапалы оқу кепілі» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамадан соң ұстаздар критериалды бағалаудың жақсы оңтайлы жақтарымен қатар тиімсіз тұстарын, балалар мен ата-аналардың көзқарастарын талқыға салып, өз ойларын айтты.

Онлайн конференцияның соңында аталған іс-шарада белсенділік көрсеткен мұғалімдерге сертификаттар берілді.

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-38-53
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: zhasulan@mod.gov.kz

Инстаграм: militarycollege