Генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі 2018 жылғы мектеп түлектерімен, қазіргі уақыттағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының 3-ші курс курсанттарымен кездесу өткізді. Осындай кездесулер жоспар бойынша және мектеп тәрбиеленушілерінің кәсіби бағыт-бағдары мақсатында тұрақты түрде өткізіледі.  

Мамандық таңдау - бұл әрбір түлек қабылдайтын маңызды шешім. Өзінің жеке мүдделерін ескеру, өз қабілеттерін бағалау, өзінің жеке қасиеттерінің таңдалған мамандықты қажет ететін қасиеттерге сәйкестігін талдау қажет.

Біздің мектептің бұрынғы түлектері тәрбиеленушілерге жоғары оқу орнына түсуге және өз мемлекетіне пайдасын тигізуге және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде лайықты қызмет атқару үшін, лайықты мамандық таңдауда дұрыс таңдау жасауға өз үлестерін қосты деп ойлаймыз. Ал біз Отанымыздың қорғанышы және әскери институттарда оқуын жалғастырып жүрген түлектерімізбен мақтанамыз.

10.02.20 1 10.02.20 1

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-38-53
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: zhasulan@mod.gov.kz

Инстаграм: militarycollege