ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес барлық білім мекемелері 6 сәуірден бастап қашықтықтан білім алу технологиясына көшеді.

Біздің басты міндетіміз мектеп тәрбиеленушілерін мемлекеттік жалпы білім беру бағдарламасына сәйкес сапалы оқыту және тәрбиелеу.

Осы мақсатта мектепте "Күнделік" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы қашықтықтан оқыту ұйымдастырылды.

Мектеп басшылығы мен педагогикалық ұжым оқу бағдарламасының толық көлемде орындалуына барлық күш жігерін жұмсауда.

Көрсетілген қосымшаларға кіру және үй тапсырмаларын орындауына жасалған бүгінгі күннің қорытындысы бойынша кейбір тәрбиеленушілер берілген тапсырмаларды сапасыз орындауда және көптеген ескертулер алуда.

Мектептің оқу-тәрбие үдерісін әрі қарай жалғастырып, қашықтықтан оқыту жұмысын сапалы ұйымдастыру мақсатында Сіздерден аталған талаптардың орындалуын, балаларыңызды оқу материалдарымен қамтамасыз етуді және үй тапсырмаларын орындауларын, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында енгізілген төтенше жағдайға байланысты мемлекет тарапынан қойылған карантин талаптарының барлығының орындалуын, қолдарын жуып, бетперде киіп жүрулерін қадағалауларыңызды сұраймын. Балаларыңыздың денсаулығына жауапты екендеріңізді естеріңізге саламын.

Болып жатқан жағдайға түсіністікпен қарап, мектептің оқу үдерісінде бірлесіп жұмыс істейтінімізге сенім білдіремін.

Мектептің қызметкерлері мен педагогикалық ұжымына ескертулеріңіз болса whatsapp желісі арқылы мектеп бастығының +77719999989 нөміріне, мектеп бастығының оқу ісі бойынша орынбасарының +77071394384 нөміріне хабарласуларыңызға болады.

Ата-аналар мен тәрбиеленушілерге қойылатын талаптар

Құрметпен,

Генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы

«Жас ұлан» республикалық мектебінің бастығы

әділет полковнигі Т. Басхожаев

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-38-53
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: zhasulan@mod.gov.kz

Инстаграм: militarycollege