Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттік емтихандар мен мектепті аяқтауға арналған іс-шаралардың алынып тасталғаны баршаңызға белгілі.

Генерал С. Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің 3, 4 тоқсан және 2019-2020 оқу жылындағы түлектерінің жылдық бағалары қашықтықтан оқыту барысында алынған ағымдағы бағалар бойынша қойылатынын хабарлаймыз.

Қазіргі таңда, мектеп тәрбиеленушілері тұрғылықты жері бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру үшін ҚР БжҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында тіркеуді ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізуде.

Жалпы орта білім туралы аттестаттар 11-сынып тәрбиеленушілеріне тұрғылықты жері бойынша пошта арқылы жіберіледі немесе ата-анасының (заңды өкілдерінің) қолына берілуі мүмкін.

Тәрбиеленушілер каникулдық демалысқа кеткен кезде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін оқулықтар берілді. Оқу жылы аяқталғаннан кейін оқулықтарды мектепке қайта беруді ұйымдастыру қажет (аттестаттарды беру оқулықтарды толық көлемде қайтарған кезде ғана жүргізіледі).

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2012 жылғы «11» шілдедегі №330 «Әскери қызметшілерді заттай мүлікпен қамтамасыз ету қағидалары» бұйрығының «Кадет Корпусының және «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілерін заттай мүлікпен қамтамасыз ету» 4-тарауының 84-тармағына сәйкес оқу орындарын бітіргеннен кейін тәрбиеленушілер әскери оқу орындарына (әскери факультеттерге) түскен кезінде олардың пайдалануында оқу орындарын бітіргенге дейін болған әскери киім нысаны (мүкәммал мүліктен басқа) заттарымен қамтамасыз етілетіндігін хабарлаймыз.

Осыған байланысты әскери киім нысаны заттарын толық жиынтықта ұсыну тәрбиеленуші әскери оқу орындарына (әскери факультеттерге) оқуға қабылданғаннан кейін жүргізіледі.

Құрметпен,

Генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы

«Жас ұлан» республикалық мектебінің бастығы

әділет полковнигі   Т. Басхожаев


 

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-38-53
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: zhasulan@mod.gov.kz

Инстаграм: militarycollege