Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында 2022 жылға арналған кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізу жоспары шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласының Әскери колледжі астаналық Binom-School Tanym мектебінің 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.

Колледждің әскери қызметшілері оқушыларды әскери-оқу орнындағы оқу үдерісімен, әскери мамандықтармен және әскери колледжді бітіргеннен кейін Қарулы Күштерде табысты қызмет атқарудың жетістіктерімен егжей-тегжейлі таныстырды.

Оқушылар оқуға түсу тәртібі мен үміткерлерге қойылатын талаптарға қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Әскери колледжге түсу туралы толық ақпаратты ресми сайттың  «қабылдау ережелері» бөлімінен немесе +7(701)701-30-01 нөміріне қоңырау шалу арқылы алуға болады.

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-38-53
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: zhasulan@mod.gov.kz

Инстаграм: militarycollege