2022 жылдың 1 маусымында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған 2022 жыл Балалар жылына, сондай-ақ Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеуге орай әскери қызметкерлердің отбасымен жұмыс бөлімімен мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағының аумағында әскери колледждің әскери қызметшілерінің балалары үшін әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен бірге тегін балмұздақ, музыка және әйгілі мультфильм кейіпкерлері бар балалар ойын алаңы дайындалды. Мерекелік іс-шараның бағдарламасында балалардың музыкалық қойылымдары, сайыстық және ойын-сауық байқаулары ұйымдастырылып, балалар флешмобы ұйымдастырылды. Қазір далалық оқу-жаттығу жиынында жүрген әскери колледж ұландары ілтипат пен тәтті дәмнен құр қалмады. Осы ретте қалалық Амфитеатр сахнасында «БАЛАПАН ӘЛЕМІ» концерттік бағдарлама-фестивалі өтті, онда әскери колледждің әскери қызметшілерінің отбасы мүшелері айтып жеткізе алмайтын эмоциялар позитив теңізін сыйлаған тамаша акция-концерттің көрермені болды.

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-38-53
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: zhasulan@mod.gov.kz

Инстаграм: militarycollege