1-20 тамыз аралығында қабылдау комиссиясы 400-ден астам құжат қабылдады. Әскери колледжге құжаттар тапсыру үшін талапкерлер және олардың ата-аналары Қазақстанның түкпір-түкпірінен келді.

Әскери колледжге түсу үшін талапкерлер қажетті құжаттарды бекітілген тізімі бойынша тапсырды, содан кейін кәсіби-психологиялық іріктеуден, дене даярлығын тексеруден және медициналық куәландырудан өтті.

Генерал Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінің бастығы әділет полковнигі Тлеухан Басхожаев өз сөзінде ағымдағы жылы оқуға түсуге ниет білдірген 400-ден астам жасөспірім болғанын атап өтті. Барлық үміткерлер бір-бірінен өткен мықты, әрі оқуға түсуге үлкен құлшыныс білдірді. Өз кезегінде әскери колледж басшылығы тарапынан конкурстық кезеңдердің толық ашықтығы қамтамасыз етілді. Бұл қабылдау комиссиясының жұмысына қойылатын талаптарға қатаң сәйкестікте ұйымдастыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін нөлге дейін азайтуға мүмкіндік берді.

Қабылдау комиссиясының ашықтығын көрсету мақсатында жиынның барлық кезеңдерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің әскери полиция басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ байқаушы ретінде талапкерлердің ата-аналары қатысты. Бақылау-өткізу пунктінен өту, жеке істі қабылдау және қалыптастыру, психологиялық тестілеу мен дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру кезеңдері аудио және бейнежазбаға үздіксіз жазылды.

Әскери колледжге түсу нәтижелері жарияланғаннан кейін талапкерлер мен олардың ата-аналары біз суретке түсірген ең шынайы эмоцияларды сезінді. Оқуға қабылданған жас патриоттар оқуға дайын, шын мәнінде қызықты әрі бір мезгілде күрделі болып табылатын әскери мансап жолын бастауға ниетті.

  

  

  

  

  

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-38-53
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: zhasulan@mod.gov.kz

Инстаграм: militarycollege