В республиканской школе «Жас улан» имени генерала Нурмагамбетова С.К. 14 декабря в 16.00 часов состоялся встреча с заслуженным деятелем Республики Казахстан Мухамеджаном Тазабеком.
Цель встречи-обсуждение статьи Главы государства на тему «Семь граней Великой степи», сравнивая прошлое и настоящее Казахстана на протяжении всего личного состава., воспитателям школы необходимо осознать, что он является личностью, внесшей свой вклад в будущее развития Казахстана.
Қазіргі заманғы қоғамдық өмірде адам өмірімен іс-әрекетінің маңызды бөлігіне айналған жас ұрпаққа жалпы адами идеяларымен ұмтылыстары көрінетін патриоттық тәрбиеге баулу мәселесі жаңа мазмұнға ие болуда.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: Қазақстандық отаншылдық сезімін тәрбиелеу – білім берудің мектепке дейінгі жүйесін, жоғарғы оқу орнына дейінгі орталықтарда, барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады.
Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Демек, жас ұрпақтың бойында ұлттық патриотизммен бірге қазақстандық патриотизмді қалыптастыру ерекше маңызға ие. Қазақстанның әрбір жас азаматы ұлты мен дініне қарамастан, татулық пен бірліктің туын жоғары көтере білсе – патриотизмнің негізі сол бомақ.
Патриотизм - Отанға деген сүйіспеншілік, әр азаматтың бойындағы күш – қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау деген сөз.
Әр жас ұрпақтың бойында өз отанына, еліне деген алғашқы сезімі болады. Осы сезімнің, сүйіспеншіліктің дамуына оның алған тәрбиесінің, қоршаған ортасының әсері ерекше екенін білеміз. Күнделікті күйбең тіршіліктің соңында жүрген ата – ананың бүгінгі күні бала бойында патриоттық сезімді қалыптастырудан гөрі қаржы мәселесіне көп көңіл бөледі. Міне осы салғырттықтың соңы жастар арасында қылмыстың көбеюі, нашақорлыққа құмар болуы, т.с.с. келеңсіз оқиғалардың белең алуына әкеледі.
Патриотизмнің маңызды элементтерінің бірі онымен етене байланысып жатқан ұлттық рух пен ұлттық патриотизм. Ұлттық рух пен ұлттық патриотизм – бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті - өз халқына деген сүйіспеншілігі - деп Бауыржан Момышұлы патриотизм мәні мен мазмұнын ашып көрсеткен.
Отансүйгіштік, әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізет – тілек, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың осы асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл – парасатына азық ете білу үшін, әрбір тәрбиеші, ұстаз, отбасы халық педагогикасын, сан ғасырларда қалыптасқан салт – дәстүрлерді, әдет – ғұрыптарды жан – жақты терең білумен қатар, өзінің бойына адамдық құндылықтарды терең сіңіруге, рухани жаны таза адам болуы шарт. Осы тағылымдарды білім берудің барлық кезеңдерінде негізге алып отырған жөн.
Патриоттық тәрбие барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын зерделеуге ерекше мән берілді. Республика рәміздерінің саяси және рухани мәнін пайымдау үшін жастардың азаматтық міндеттері туралы дүниетанымы кеңейтіледі және тереңдей түседі. Мемлекеттік нышандардың көмегімен жасөспірімдер бойында еліне деген мақтаныш пен патриоттық сезім дәйекті де табанды тәрбиеленеді. Патриоттық тәрбиенің негізі отбасында қаланады. Отбасы рухани – адамгершілік тәрбиенің негіздері қалыптасатын айрықша әлеуметтік орта болып табылады. Отаншылдық сезім – туа біткен қасиет емес. Ол адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, саяси - әлеуметтік құбылыс. Патриоттық сезім жалпы адам баласының еліне, жеріне, өз тілі мен мәдениетін, ұлттың құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын түсінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады.
Егемен Қазақстанның болашағы, тағдыры жастардың қолында. Сондықтан жастарымыз білімді де, тәрбиелі, жан – жақты дамыған азамат болып қалыптасуы керек. Кез – келген азамат өзінің елі мен жері үшін жанын берер патриот болуы керек. Ең мықты мемлекет болу үшін жастардың бойында шынайы патриотизмді қалыптастыруға үлкен күш жұмсауымыз қажет.
Патриоттық тәрбие ұлттық намыс, ұлттық сана – сезім, рухани байлықтан көрініс табады. Олай болса, рухани байлыққа ең алдымен – тілімізді, дінімізді, салт – дәстүрлерін жатқызса, тіл қазақ болуымыз үшін, дін – адам болуымыз үшін, салт – дәстүр – ұлт болуымыз үшін қажет. Патриоттық тәрбиенің қазіргі кезде алатын орны ерекше.