Әскери полиция қызметкерлері армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледждің әскери қызметшілерінің жеке автокөліктеріне тексеру жүргізді.

Тексеру барысында жүргізуші куәлігі, көлік құралын тіркеу құжаттары және сақтандыру полистерінің болуы мен талаптарға сәйкестігі назарға алынды. Сонымен қатар автокөліктердің техникалық жарамдылығы, жарық беру жүйесі, тежегіш жүйесі және шиналардың жағдайы тексерілді.

Бұдан бөлек, міндетті қауіпсіздік құралдарының — алғашқы медициналық көмек қобдишасының, өрт сөндіргіштің және апаттық тоқтау белгісінің болуы қадағаланды.

Тексеру қорытындысы бойынша автокөлік иелеріне жол қозғалысы ережелерін сақтау, көліктердің техникалық жағдайын тұрақты бақылауда ұстау және құжаттарды уақытылы рәсімдеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті ұсынымдар берілді.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және көлік тәртібін нығайтуға бағытталған.

 

 

 

 

2026 жылы 20 қаңтар күні Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде Инженерлік әскерлердің құрылғанына 33 жыл толуына орай 2 курс 1 оқу ротасы 4 взвод ұландарымен «Инженерлік әскерлердегі заманауи құралдар» атты ашық сабақ өтті.

 

 

Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінде «Тәрбиешілер институтының құрылған күніне» орай мерекелік іс-шара өткізілді.

 

 

 

 

 

Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжде «Сыбайлас жемқорлықсыз Армия» онкүндігі аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары өткізілді. Жеке құрамға сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алуға арналған жадынама түсіндіріліп, сондай-ақ антикоррупциялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бейнеролик көрсетілді.

 

 

 

Армия генералы С. Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжде кадеттер мен ұландар арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау тақырыбында әңгімелесу өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – жастардың инфекциялық аурулардың алдын алу шаралары туралы хабардарлығын арттыру, жеке денсаулығына жауапкершілікпен қарау көзқарасын қалыптастыру, сондай-ақ белсенді әрі салауатты өмір салтын дәріптеу болып табылады.

Кездесу барысында қатысушыларға АИТВ жұқпасының берілу жолдары, сақтық шаралары және тұрақты медициналық тексерулердің маңыздылығы туралы түсіндірілді.

 

 

 

 

 

 

Таңертең ұландар ұстаздарын ерекше ілтипатпен қарсы алып, «сап тұзеп» ұлықтады. Мереке салтанатты іс-шарамен жалғасып, шығармашылық қойылымдар көрсетіліп, құттықтаулар айтылды. Мұғалімдер күні –ұрпақ тәрбиесіне бүкіл ғұмырын арнаған ұлағатты жандарды ұлықтайтын күн. Біз ұстаздарымызды мақтан тұтамыз және еңбектері үшін зор алғыс білдіреміз! #МұғалімдерКүні #ӘскериКолледж #Астана #ҰстазғаҚұрмет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары аясында Астана қаласы Нұра ауданының ювеналды полиция қызметкері 2-оқу ротасының ұландарына түсіндірме әңгіме өткізді.

 

 

2025 жылғы 8 қыркүйекте армия генералы Сагадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледждің жеке құрамы Қазақстан Республикасының Президентінің жыл сайынғы Жолдауын тыңдады.

 

 

 

 

 

 

2025 жылғы 2 қыркүйекте армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжде «Адал азамат – Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «БІРТҰТАС ЕЛ-БІРТҰТАС ЖЕР» тақырыбында ерлік сабағы өтті.

Сабақты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті бастығының орынбасары полковник Тоғұсов Амангелді Құрманғажыұлы жүргізіп, ел бірлігін сақтау, Отанға адал болу және өскелең ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

 

 

 

 

 

2025 жылғы 2 қыркүйекте армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжде Білім күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы полковник Олжабаев Мұрат Қуатбекұлы қатысып, кадеттер мен ұландарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім мен қызметте табыс тіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-29-91
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: voencol@mail.kz

Инстаграм: militarycollege