ҚР ҚМ Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжіне (бұдан әрі-С. Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледж) оқуға түсетін жылы он бес жасқа толған, бірақ он жеті жастан аспаған азаматтар оқуға түсуге құқылы.

Оқуға түсушілер әскери колледждің қабылдау комиссиясына осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады.

Қабылдау комиссияларына құжаттардың толық пакетін ұсынбаған оқуға түсушілер қабылдауға жіберілмейді.

С. Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжге оқуға түсуші қабылдау жылының 1-5 тамызын қоса алғанда, С. Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжге ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) келеді және қабылдау туралы өтініш береді.

Келесі талаптарға сәйкес келмейтін оқуға түсуші С. Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжіне қабылдаудан бас тартылады:

1) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылғандар;

2) әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысына сәйкес әскери қызмет міндеттерін орындауға кедергі келтіретін ауруы барлар;

3) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы барлар;

4) бұрын сотталғандар немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚПК) 36-бабы және 35-баптың бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары негізінде қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылғандар.

Азаматтар мен әскери қызметшілерді әскери колледждерге қабылдау 1-20 тамыз аралығында келесі кезеңдер бойынша жүзеге асырылады:

I кезең – кәсіби-психологиялық іріктеу;

II кезең – әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасына сәйкес түпкілікті медициналық куәландыру;

III кезең – дене шынықтыру дайындығын тексеру;

IV кезең – конкурстық іріктеу және оқуға қабылдау.

Оқуға түсушілерге әрбір қабылдау кезеңінен тек бір рет өтуге жол беріледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген оқуға түсуші келесі кезеңге жіберілмейді.

Оқуға түсушілерді алдын ала кәсіби-психологиялық іріктеу ынталылық, күйзеліске төзімділік, сыни тұрғыдан және логикалық ойлау деңгейін тексеруді қамтиды және оны қабылдау комиссиясы құрылымдық бөлімшемен келісу бойынша колледждің тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімімен бірлесіп жүргізеді. Кәсіби-психологиялық тестілеу нәтижелері бойынша ұсынылмаған оқуға түсушілер кезеңнен өтпеген болып саналады.

Оқуға түсушілерді түпкілікті медициналық куәландыру денсаулық жағдайы бойынша әскери колледждерде оқуға жарамдылығын айқындауды қамтиды және оны Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес құрылған медициналық комиссия жүргізеді.

Оқуға түсушілердің дене шынықтыру дайындығын тексеру осы Қағидалардың 2-1-қосымшасы бойынша нормативтерді қабылдауды қамтиды.

Барлық жаттығулар үшін балдар жиынтығы бойынша 60 балдан төмен жинаған және екі норматив бойынша ең төмен балл жинамаған азаматтық жастар қатарынан оқуға түсушілер кезеңнен өтпеген болып саналады.

Конкурстық іріктеуді қабылдау комиссиясы қабылдау жылының 20 тамызында жүргізеді және оқуға түсушілердің ең жоғарыдан ең төменгіге дейін балдар рейтингісін жасауды қамтиды. Рейтинг Әскери колледждің қабылдау комиссиясының хаттамасымен нысан бойынша ресімделеді.

Әскери колледждерге рейтингте бірінші нөмірден бастап қабылдау жоспары бойынша бөлінген орындар санына сәйкес келетін нөмірге дейін тұрған оқуға түсушілер қабылданады.

Қабылдау комиссиясының шешімі қабылдау жылының 21 тамызында сағат 10.00-ге дейін жарияланады және Әскери колледжердің интернет ресурстарына орналастырылады және 23 тамызда әскери колледж бастығының бұйрығымен бекітіледі. Апелляцияға өтініштер 22 тамызда сағат 11.00-ге дейін қабылданады.

Әскери колледждерге қабылдауға конкурстық іріктеуді жүргізу кезінде бірдей көрсеткіштер болған жағдайда Заңның 39-бабы 1-тармағында көрсетілген адамдардың құқығына басымдық беріледі.

жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

әскери даярлық бойынша қосымша бағдарламалары бар білім беру ұйымдарының түлектері;

қызмет өткеру уақытында қаза тапқан, хабар-ошарсыз кеткен немесе әскери қызмет өткеру кезеңінде мүгедектік алған әскери қызметшілердің балалары;

«Алтын белгі» белгісімен марапатталған тұлғалар;

жалпы білім беру пәндері бойынша халықаралық олимпиадалардың және ғылыми жоба (ғылыми жарыстар) конкурстарының, соңғы үш жылдағы республикалық және халықаралық конкурстардың және спорттық жарыстардың жеңімпаздары, Республикалық жарыстардың бірінші – үшінші дәрежелі дипломдармен наградталған жеңімпаздары, ағымдағы жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша Президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының бірінші дәрежелі дипломдармен наградталғандар, жүлделі орындарын уәкілетті орган айқындап, растайтын құжаты (бар болған кезде) бар тұлғалар.

С. Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжде білім алушы оқудың үшінші курсына ауысқан кезде С. Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледж бастығымен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасайды.

Әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт «Әскери қызмет өткеру туралы келiсiмшарттың және ұсынымның үлгi нысандарын, сондай-ақ аттестаттау парағының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 36 қбпү бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16594 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша жасалады.

С. Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжге оқуға қабылданған оқуға түсуші оқу үшін қабылдау жылының 29 тамызына дейін колледжге келеді.

Тиісті деңгейдегі білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігіне
ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға
қабылдау қағидаларына
2-қосымша

Әскери колледждерге және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына

түсу үшін құжаттар тізімі

1. Оқуға қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш немесе өтініш берушінің тегі, аты мен әкесінің аты (болған кезде), туған күні, тұрғылықты жерінің мекенжайы, ата-анасының немесе олардың заңды өкілдерінің байланыс деректері көрсетілген баянат.

2. Жеке куәлік көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа). Оқуға түсуші он алты жасқа толғанға дейін туу туралы куәлік көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы) ұсынылады.

3. Негізгі орта білімі туралы аттестат (түпнұсқа және көшірме).

4. Азаматты медициналық куәландыру картасы (075-У нысаны).

Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес медициналық құжаттар мен медициналық зерттеулердің нәтижелері:

1) медициналық ұйымнан есепте тұрғаны туралы мәліметтер:

- туберкулезге қарсы диспансерден анықтама

(тұрғылықты жері бойынша);

- психоневрологиялық диспансерден анықтама

(тұрғылықты жері бойынша);

- тері-венерологиялық диспансерден анықтама

(тұрғылықты жері бойынша);

- наркологиялық диспансерден анықтама (тұрғылықты жерінен);

- наркотесттің нәтижесі;

2) созылмалы аурулар және соңғы он екі ай ішінде ауырған инфекциялық және паразиттік аурулар бойынша диспансерлік есепте тұрғаны туралы мәліметтер;

3) есепке алу және есептік құжаттама нысанына сәйкес құжаттар: амбулаториялық пациенттің медициналық картасы, профилактикалық егулер картасы;

4) азаматтардың денсаулық жағдайын сипаттайтын басқа да медициналық құжаттар, рентгенограммалар (Мұрынның қосалқы қуыстарының рентгенографиясы, егер майтабан болса, табанның рентгенографиясы), зерттеудің арнайы әдістерінің хаттамалары;

5) медициналық куәландыру басталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен ерте емес жүргізілген медициналық зерттеулердің нәтижелері:

- жалпы қан талдауы;

- мерезге микропреципитация реакциясы (микрореакция);

- жалпы несіп талдауы;

- ЭКГ тыныштықта (жүктемеден кейінгі);

- кеуде қуысының мүшелерін 2 проекцияда флюорографиялық (рентгенологиялық) зерттеу (медициналық куәландыру күнінен үш айдан ерте емес);

- эхокардиография.

5. Көлемі 3х4 см фотосурет-дана.

6. Қағаз тезтікпе - 2 дана.

7. Файл - 5 дана.

8. Фотосуретке арналған конверт - 1 дана.

9. Соттылығының болмауы туралы анықтама не Ішкі істер органдарында (ювеналдық полицияда) есепте тұрмағаны туралы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімшеден қосымша анықтама.

10. Спорттық разрядты, республикалық немесе халықаралық жарыстарда, ағымдағы жылғы орындаушылар байқауында, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадада, сондай-ақ Президенттік не ағымдағы жылы республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадада алған жүлделі орынды растайтын құжат (болған кезде).

11. Ата-ана құқығын шектеуге немесе одан айыруға, ата-анасы хабар-ошарсыз кеткен деп танылуға, қайтыс болған деп жариялауға, әрекетке қабілетсіз (әрекетке қабілеті шектеулі) деп танылуға байланысты жетім балалар мен жалғыз басты ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған балалар; сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған басқа да жағдайда ата-анасының қамқорлығынсыз қалу фактісін растайтын мынадай құжаттардың біреуінің көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны) қосымша ұсынады:

ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік;

ата-анасының ата-ана құқығын шектеу немесе одан айыру туралы сот шешімі;

ата-анасы хабар-ошарсыз кеткен деп тану, оларды қайтыс болды деп тану немесе әрекетке қабілетсіз (әрекетке қабілеті шектеулі) деп тану туралы сот шешімі.

12. Әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан немесе мүгедек болған, қызмет өткеру уақытында хабарсыз кеткен әскери қызметшілердің балалары тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органынан анықтама ұсынады.

Тиісті деңгейдегі білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігіне
ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға
қабылдау қағидаларына
2-1-қосымша

Мектептерге және С. Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжге

оқуға түсу үшін дене шынықтыру дайындығы бойынша

нормативтер

Белтемірге тартылу

60 метрге жүгіру (сек.)

2000 метрге жүгіру (мин.)

Балдары

10

8.4

9.20

60

 

8.6

9.30

55

9

8.8

9.40

50

 

9.0

9.50

45

8

9.2

10.00

40

 

9.4

10.15

35

 

9.6

10.30

30

 

9.8

10.45

25

7

10.0

11.00

20

 

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-29-91
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: voencol@mail.kz

Инстаграм: militarycollege