Тәрбие жұмысы

Әскери колледжде тәрбие және идеологиялық жұмыстар Бала құқықтары туралы халықаралық конвенцияға, "Бала құқықтары туралы" және ілім туралы" ҚР Заңдарына, ҚР Қорғаныс министрінің бұйрықтарына сәйкес жүргізіледі: "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" 13.10.2022 жылғы 911; "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі әскери тәртіп пен құқықтық тәртіптің жай-күйін есепке алу, талдау және қорытындылау жүйесін ұйымдастыру туралы" 30.11.2022 жылғы 1150; "Әскери басқару органдарының деструктивті діни ұйымдар идеологиясына және армия ортасындағы радикалды діни ағымдарға қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысын ұйымдастыру әдістемесін бекіту туралы" 30.09.2011 ж. 400; "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде суицид көріністерінің алдын алу жөніндегі шаралар туралы" 6.09.2010 жылғы 623; "Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2021.07.29 492 жарғысын бекіту туралы; Әскери колледж қолбасшылығының негізгі күш-жігері берік жарғылық тәртіпті сақтауға, салауатты моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға, тәрбиеленушілер мен әскери қызметшілердің жарақаттану фактілерін жоюға, қызмет пен оқудың қауіпсіз жағдайларын жасауға, оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыруға бағытталған.

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-38-53
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: voencol@mail.kz

Инстаграм: militarycollege