Ұлт мақтанышы – Сағадат Нұрмағамбетовке арнау

Сағадатым асқар шыңсың

Елің үшін дарасың

Армияның генералы

Терең ойлы данасың

Сағадаттай батыр ұлы бар ғой деп

Күллі әлем қызыға бір қарасын

Сағадатым сен жалғызсың

Аңыз болған тұлғасың

Ұландарың талмай сені жырласын

Жадымыздан өшірмейміз

Жүректерде өр ерлігің тұрғасын

Сағадатым заңғар шыңсың

Кең дария тұңғиық

Нар тұлғалы, асқар ойың бір биік

Өзің жоқсың біздер бармыз артыңда

Жүректерге сәуле шашып, нұр құйып

Сағадатым сұңқар құсым

Биік намыс өр рухты

Құзғындарда айбатыңнан қорықты

Көңілімді ерлігіңмен өсірдің

Өміріңде талай сындар жолықты

Сағадатым сен тұлпарсың

Жеңіс қолдан бермеген

Ақиқатты қару қылып сермеген

Көзсіз ерлік тең өзіңе жарасқан

Мен өзіңді әлемменен тең көрем

Сағадатым перзенті ұлы даламның

Ар-намыспен, күш-қайраттап жаралған

Жас ұландар ерлігіңнен нәр алған

Өткеніңнен бағыт алдым өмірге

Туылғаннан сәби болып анамнан!

«Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушісі ұлан Мұхамет Нұржанат

2018 жыл

Жас қыран

 

Әні, сөзі: Мақсұтов Сұнғат 2 ротанын ұланы 
2002 ж



Жас қыраным балапаны, қос қанатыңды қаққаны
Биіктерге, көк аспанға самғайсың
Ештеңеден сескенбестен, күн шуағына көтер сен
Ұраныңды, өз еліңе арнайсың

Қайырмасы:


Аспанға биікке самғайсың
Естілсін бар әлемге жан даусың
Көз жанарың мөлдіреген
Самға биік қара жерден
Қанаттарың ешқашан да талмасын!


Сен өсерсің шынығарсың, өз шыныңды тынығарсың
Қиындығын түсінерсің өмірдің
Жас ұрпаққа дем берерсің, ел намысын көтерерсің
Мағынасын танытарсың сөзіңнің 


Жасулановский вальс
Жас кыран
Жас кыран (музыка)
BigSTAR - Жас Ұлан
SunDream ft VoRoN ft Naiman - Жас улан.
Жас түлек - мектебім
Жас Улан - Учителям
Jigittery $TORM feat M@NSUR - Жас Улан

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-38-53
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: zhasulan@mod.gov.kz

Инстаграм: militarycollege