2019 жылдың 10-14 сәуір аралығында Алматы қаласында «INFOMATRIX–ASIA 2019» компьютерлік жобалардың халықаралық байқауы өтті, оған әлемнің 9 елінен 400 оқушы қатысты. Байқауды жыл сайын Сүлеймен Демирел университеті мен «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы өткізеді. Жас зерттеушілер 7 номинация бойынша сайысқа түсті, олар: математикалық жобалар, робототехника, бағдарламалау, компьютерлік графика және өнер, басқару жүйесі, қысқа метражды фильмдер, дрондар жарысы.
Байқау қорытындысы бойынша генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушісі Қыдырбаев Дінмұхаммед қола медальдің жүлдегері атанды.