Өткен аптада генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері ҚР Тұңғыш Президенті — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлт Көшбасшысы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне барды.

Отан қорғаушылар күнін мерекелеу қарсаңында Ұлттық қорғаныс университетінің тәрбие бөлімінің офицерлері мектеп тәрбиеленушілеріне экскурсия ұйымдастырды.

Осы іс-шараны өткізу аясында өскелең жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру, өз еліне адал болу, Отанға деген сүйіспеншілігі мен оның мүдделеріне қызмет етуге ұмтылу насихатталды.

Жас тәрбиеленушілер Ұлттық қорғаныс университеті бастығының орынбасары (тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі) полковник Мұрат Агубаевпен кездесті. Ол біздің Ұлттық қорғаныс университетінің базасында профессорлар мен жоғары білікті оқытушылар құрамы қызмет ететінін, олар оқу-материалдық базаны үнемі жетілдіріп, оқытудың техникалық құралдарының заманауи кешендерін кеңінен енгізе отырып, оқу үдерісін компьютерлендіру деңгейін арттыратынын атап өтті. Бүгінгі таңда Ұлттық қорғаныс университетінде 4 факультеті оқу жүргізеді, олар ҚК Бас штабы академиясының факультеті, командалық-штабтық факультет, Ұлттық ұлан факультеті және біліктілікті арттыру факультеті, сондай-ақ 11 кафедра мен 6 курс бар.

Мектеп оқушылары қызығушылықпен назар қойып тыңдап, өздерін қызықтыратын сұрақтарды қойды.

Мектеп тәрбиеленушілері Ұлттық қорғаныс университетінің құрылуы туралы деректі бейнероликтерді көрді, тарихымен танысты, ғылыми кітапхана, оқу сыныптарын, кафедраларды, әскери ғылыми-зерттеу орталығын аралап, танысып көрді.

- Патриотизмді бүкіл қоғам болып әсіресе жастар арасында, біздің балаларымызда ортақ күш-жігерімен қалыптастыруымыз қажет. Біздің әрбір азаматымыздың табысы мен халықаралық деңгейде танылуы - бұл баға жетпес капитал, барлық қазақстандықтардың мақтанышы. Бұл мысалдарда ұлт рухын көтеру керек! Сендер өз еліңнің патриоттары болуға тиіссіңдер! –деп өз ойын аяқтады полковник Мұрат Агыбаев.

Іс-шара соңында мектеп тәрбиеленушілері тәрбие бөлімінің офицерлері мен әскери қызметшілерге қызықты экскурсия үшін алғыс айтты.

Майор Серик АПЕШЕВ
Аға сержант Алина Даулетованың фотосы

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-29-91
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: voencol@mail.kz

Инстаграм: militarycollege