Бүгін генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің базасында 11 сынып оқушылары арасында VI Республикалық «САРДАР» кешенді олимпиадасының соңғы қорытынды кезеңінің ашылу салтанаты өтті.

Іс-шарада генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің бастығы әділет полковнигі Тлеухан Басхожаев, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар және әскери білім департаментінің өкілі полковник Талгат Касенов және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры, Қазақстан Республикасы білімінің құрметті қызметкері Камила Башарова ханым болды.

Олимпиадаға дарынды балаларға арналған арнайы мамандандырылған мектептердің, лицейлердің, жалпы білім беретін мектептердің және «Жас ұлан» республикалық мектептерінің 63 оқушысы, сонымен қатар 27 алғашқы әскери дайындық пәнінің жетекші – мұғалімдері қатысты.

- Бүгін біздің мектебіміздің қабырғасында VI Республикалық «САРДАР» кешенді олимпиадасы өтіп жатыр. Бұл өз елінің жас патриоттарына арналған жауапты эстафета. Аталған іс-шарада Сіздер өз ұяларыңызда алған білімдеріңізді, дағдыларыңызды жақсы жағынан көрсете білулеріңіз керек, сондай-ақ Сіздер қазақстандық патриотизм дегеннің не екенін, өз Отанына және қауіпсіз өмірге әр азаматтың жауапты екенін түсінулерің керек. Бұл дегеніміз ата-баба дәстүрін, тарихын, мәдениетін және мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, туған жерге деген махаббат, барлық азаматтар үшін Отан деген біртұтас Қазақстан – деп өз сөзінде мектеп бастығы әділет полковнигі Тлеухан Басхожаев атап өтті.

Олимпиада 2 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең теориялық, онда оқушыларға математика, физика, қазақ тілі, орыс тілі, Қазақстан тарихы және алғашқы әскери дайындық пәндері бойынша сауалнама жүргізіледі. Екінші кезеңде балалар Ак-74 автоматын шашып, оны қайта жинайды, сондай-ақ 3000 метр, 100 метр қашықтықтарға жүгіріп, тартылып, дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәндерінен нормативтер тапсырады.

Олимпиада аясында алғашқы әскери дайындық пәндерінің мұғалімдері үшін «Білім берудің жаңа мазмұны жағдайында алғашқы әскери дайындық пәнін оқытудың заманауи әдістері мен технологиялары» тақырыбында семинар ұйымдастырылып жатыр.

Аталған семинардың мақсаты педагогтардың кәсіби біліктілігін көтеру, озық тәжірибедегі жұмыстарды білім үдерісіне заманауи көзқараспен тиімді енгізу.

Тыңдаушыларға тапсырма түрінде сабақ берудің әдістері, заманауи педагогикалық коммуникативтік-инновациялық технологияларды пайдалану, білім беру міндеттерінің қалыптасуы, сабақ барысында сыныпты басқару (сынып менеджменті) және қарым-қатынас әдісі, сондай-ақ сыныптан тыс жұмыстар мен үйірме жұмыстарының сұрақтарын қарастыру берілді.
Семинар қорытындысы бойынша соңында қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Естеріңізге саламыз, «Сардар» олимпиадасы 2019 жылы 17 - 19 сәуір аралығында өтеді.

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-29-91
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: voencol@mail.kz

Инстаграм: militarycollege