Дәстүрге сай Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілеріне ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында жаңа жылдық шырша өткізілді. Жаңа жылдық шыршаға Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент қалаларының «Жас ұлан» мектептерінен 35 тәрбиеленуші қатысты. Жаңа жыл мерекесімен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің атынан құттықтауға арнайы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Мұхтаров Талғат Сәбитұлы келіп, тәрбиеленушілерге зор денсаулық, оқуда озат болуларына,алдағы уақытта жоғарғы әскери оқу орындарында білім алып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініңофицері қатарын толықтыруларына тілектестік білдіріп, тәрбиеленушілерге сыйлық табыс етті. Ал өз кезегінде ұлан Тезекбай Ернар, тәрбиеленушілер атынан ұйымдастырылған мерекеге, жасап жатқан қамқорлықтарына рахметін айтып, болашақта елімізге аянбай қызмет етеміз деп сенім білдірді.
Жаңа жылдық кеш барысында концерттік бағдарламамен мерекелік дастархан жайылып, мерекенің басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақша қармен ойын ойнатылып, естелікке суретке түсіп жаңа жыл өте қызықты өтті.