Генерал С. Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің жеке құрамымен қараша айының 21 мен 30 аралығында АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу шаралары бойыншаонкүндік өткізілді.
Онкүндік барысында«ЖИТС әрбір адамға қатысты» атты көрме ұйымдастырылып, «Салауатты өмір салты! Сен оны қалай түсінесің?» тақырыбында тәрбиеленушілермен сынып сағаттары өткізілді. АИТВ/ЖИТС (СПИД/ВИЧ) инфекцияларымен күресу жөнінде жадынамалар дайындалып жеке құрамға таратылып, АИТВ/ЖИТС-тің (СПИД/ВИЧ) алдын алу бойынша бейнеролик көрсетілді. Астана қ. әкімдігі «ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы» эпидемиолог дәрігерлерінің қатысуымен «АИТВ/ЖИТС және қоғам» және «АИТВ алдын алу. Астана қ және Қазақстан Республикасы бойынша АИТВ ның эпидемиологиялық жағдайы» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында АИТВ - жұқпасын алдын алу, репродуктивті денсаулықтарына жауапкершіліктерін арттыру, есірткіге қарсы зиянды әдеттерден арылу мақсатында жеке құрам арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.