Генерал С. Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде дәстүрлі жаңа жылдық іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шараны мектеп бастығы әділетполковнигі Т.Қ. Басхожаев тәрбиеленушілерді Жаңа жылдық құттықтау сөзімен бастады.Өз сөзімен «Біздің Елбасымыз құрған Ұлы батыр бабамыз, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің атын иеленген әскери мектепте оқуға түсу арқылы сіздер дұрыс жолды таңдадыңыздар. Бұл дегеніңіз үлкен жауапкершілік. Мен сіздердің осы мектепте оқығандарыңа өкінбейді деп ойлаймын. Сіздерді 2020 жаңа жылмен құттықтай отырып мықты денсаулық, оқуда озат болуларыңды тілеймін! Келе жатқан Жаңа жылдарың құтты болсын!» дей келе, биылғы оқу жылындағы оқу озаттары мен спорттық іс-шаралардың, олимпиада жеңімпаздарының жетістерін мақтанышпен атап өтті.
Мерекелік іс-шараның қатысушылары үшін қызықты бағдарламалар мен сайыстар ұйымдастырылды.
Мектеп бастығы "Жас ұлан" мектебінде оқитын жетім балаларды жеке құттықтады. Тлеухан Қалилаұлы мектеп басшылығы атынан естелік сыйлықтарын табыс етіп, оларға Қазақстан Республикасының лайықты азаматы болуға тілек білдірді.
Кеш соңында белсенді тәрбиеленушілер бағалы сыйлықтармен марапатталды.
3 оқу ротасының тәрбиеленушісі Мақсұт Әділлсұлтан: «Бүгін біз өзіміздің тәлімгерлерімізден керемет тілектер мен құттықтаулар естідік.Барлық ұландардың атынан біздің мектептің басшылығы мен қызметкерлеріне осындай тамаша мерекені ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіруге және барлықтарыңызды келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен құттықтауға рұқсат етіңіздер!» - деп өз лебізін білдірді.