2020 жылдың ең алғашқы күнінде генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің әскери қызметшілері мен тәрбиеленушілері қарттар үйіне барды. Акция волонтерлер жылының ашылуына орай ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлікті дамыту мақсатында 2020 жылды «Волонтерлер жылы» деп жариялау туралы қаулы қабылдаған болатын.

Волонтерлер «Бірге көмектесейік» қайырымдылық акциясы аясында  қарттар үйінің аумағын қардан тазалады, қарттармен бірге шай ішіп,  мерекелік концерт ұйымдастырды. Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері жастарға соғыстың қиын жылдары туралы айтып берді.

 «Осы іс-шаралардың негізгі мақсаты біздің мүмкіндіктеріміз бойынша ерікті іс-қимылдарды өзектендіру болып табылады, ал ең маңызды міндет кез келген уақытта елді және Отанды қолдауға дайын адамдардың санын арттыру болып табылады. Біз үлкен әлеуметтік белсенділігі бар жастарды тәрбиелеуге тырысуымыз керек. Бұл «Волонтерлер жылы» тек қағаз жүзінде ғана емес, нақты әрекеттерде де екенін бәрі түсінуі маңызды. Сондықтан да бізде бір жыл бойы осындай бірқатар іс-шаралар жоспарланған». - мектеп бастығы әділет полковнигі Тлеухан Калилаұлы.

Марафонның келесі эстафетасы басқа оқу орындарына берілді.

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-29-91
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: voencol@mail.kz

Инстаграм: militarycollege