Білім алушыларды іріктеу сапасын арттыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығымен бекітілген «Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына» ҚР ҚМ әскери институттарына оқуға түсу үшін ҰБТ бейіндік пәнді таңдау бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі:

Құрлық әскерлерінің әскери институты (ҚӘ ӘИ) – математика және география, математика және физика;
Әуе қорғаныс күштерінің әскери институты (ӘҚК ӘИ) – математика және физика;
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты (РЭжБӘИИ) – математика және физика.

Сонымен қатар, бітірушілер ҰБТ-ден әрбір бейіндік пән бойынша 10 балдан кем емес, әрбір жеке пән бойынша 7 балдан кем емес балл жинаулары керек.

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-38-53
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: zhasulan@mod.gov.kz

Инстаграм: militarycollege