Қазіргі уақытта сіздің балаларыңыз онлайн-режимде оқып жатқандықтан, Қорғаныс істері жөніндегі басқармаларға «тіркеу билеті» үшін медициналық тексеруді «Жас Ұлан» республикалық мектебі тіркелген Нұр-сұлтан қаласының № 10 қалалық емханасы базасында жүргізу мүмкін емес. Сондықтан, 2004 жылы туылған, Нұр-сұлтан қаласынан тыс жерде тұратын тәрбиеленушілер үшін тұратын жері бойынша емханаларда немесе амбулаторияларда медициналық комиссиядан өтіп, соңында мамандардың тексерулері мен барлық тексеру нәтижелерін мектептің This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштасына жіберу қажет.

Нұр-сұлтан қаласында тұратын 1-ші және 3-ші оқу роталарының (2003, 2004 жылдары туылған) ұландары үшін медициналық комиссия Нұр-сұлтан қаласының № 10 қалалық емханасы базасында өткізілетін болады, өткізілу күні алдын-ала хабарланады.

Нұр-сұлтан қаласында және Нұр-сұлтан қаласынан тыс жерде тұратын 2004 жылы туылған 2-ші және 4-ші оқу роталарының ұландары үшін медициналық комиссияны тіркелген жері бойынша қалалық емханалардан өту қажет, сондай-ақ тексерулердің барлық нәтижелерін және сирек мамандардың тексерулерін мектептің This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштасына жіберу қажет.

Медициналық комиссия қазан айының соңына дейін өтуі керек.

Осы іс-шараға жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймыз.

 

Медицина қызметінің бастығы

м/қ капитаны                               А.Тасполатова

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-38-53
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: zhasulan@mod.gov.kz

Инстаграм: militarycollege