2021 жылғы 1-25 шілде аралығында генерал Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінде «Әкімшілік құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік» акциясы өтті.

   Акция барысында колледждің жеке құрамымен қандай да бір құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы акцияны өткізудің мақсаты әскери қызметшілер арасында оң көзқарасты қалыптастыру және әрбір әскери қызметші болуы мүмкін құқық бұзушылықтарға жол бермеу.

   Қоғамда шағын құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру бағыты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан — 2050» стратегиясы жолдауынан бастау алады.

   Әкімшілік құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік дегеніміз - бұл барлық әскери қызметшілердің ең елеусіз әкімшілік құқық бұзушылықтарға да төзгісі келмеу жауаптылығы.

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-29-91
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: voencol@mail.kz

Инстаграм: militarycollege