2021 жылғы 11 қазаннан бастап генерал Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінде қорытынды тексеру басталды, онда әскери қызметшілер дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді, қарудан бақылау атыстарын, сондай-ақ кәсіби және арнайы даярлық бойынша сынақтар тапсырды. Сонымен қатар жалпыәскери жарғылар мен мемлекеттік-құқықтық даярлық бойынша білімдері тексерілді. Іс-шаралар саптық байқаулар өткізуден және жеке құрамның басшылық құжаттар мен жалпыәскери жарғылардың ережелерін білуі бойынша сынақтар тапсырудан бастады. Қорытынды тексеру жеке құрамның машығын жан-жақты тексеруге, әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығының нақты деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Тексеру нәтижелері бойынша үздік әскери қызметшілер айқындалады, онда сынақтарды табысты тапсырған әскери қызметшілерге «3-сыныпты біліктілік», «2-сыныпты біліктілік», «1-сыныпты біліктілік» және «Шебер-тәлімгер» сыныптық біліктіліктері беріледі.

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-38-53
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: zhasulan@mod.gov.kz

Инстаграм: militarycollege