2021 жылғы 4-13 қазан аралығында генерал Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінде «Әскери антқа адал бол!» онкүндігі өтті.
Онкүндіктің басты мақсаты жарғыдан тыс қарым-қатынастың және өз билігін асыра пайдалану арқылы қол жұмсаудың алдын алу.
Онкүндікте әскери колледждің барлық санаттағы әскери қызметшілерімен сабақтар өткізілді. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Ішкі қызмет Жарғысының баптарының талаптары, атап айтқанда, әскери қызметшілер арасындағы жауынгерлік достықты бағалау, бір-біріне көмек көрсете білу, өзіне және басқаларға қатысты дөрекілік пен қорлауға жол бермеу туралы жеткізілді.
Онкүндікті өткізу аясында әскери қызметшілермен психология қызметінің мамандарымен жеке әңгімелесулер, тренингтер жүргізілді.