Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінде жеке және отбасылық жанжалдардың алдын алу, сондай-ақ суицидтік оқиғаларға жол бермеу бойынша онкүндік өтті.
Онкүндік барысында әскери колледжінің әскери қызметшілерімен суицидтік оқиғалардың алдын алу бойынша сабақтар өткізілді. «Жауынгерлік дос» өзара бақылау жүйесі бойынша түсіндіруге ерекше назар аударылды, ол әрбір әскери қызметшінің жеке жай-күйін үздіксіз мониторингтеуге және олардың өзара бақылау жүргізуі арқылы қажетті көмек көрсетуге бағытталған.
Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлармен танысу және проблемалық мәселелерді анықтау мақсатында әскери колледж басшылығы әскери қызметшілердің отбасыларына барды.
Сондай-ақ, онкүндік аясында әскери қызметшілермен және колледж тәрбиеленушілерімен психоэмоционалдық шиеленісті жоюға бағытталған психологиялық тренингтер өткізілді.