Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінің ұландары Алғыс айту күнін атап өту мақсатында сабақ арасындағы үзілістерде музыкалық құттықтау нөмірлерін ұйымдастырды.

Флешмоб билеп, өлеңдер айтып, әндер шырқап, әскери колледждің барлық қызметкерлеріне қуанышты көңіл-күй сыйлады.

Сондай-ақ ұландар арасында «Алғыс айту» акциясы өткізілді, оның мәні өзінің жеке алғысын жазып, ортақ қорапқа салу. Осылайша, ұлдар мұғалімдерге, әскери қызметшілерге, медицина қызметкерлеріне, асхана қызметкерлеріне және де бір-біріне ризашылықтарын білдірді. Конверттер өз адресаттарына таратылды, ұландардың шынайы алғыс сөздерін оқу кімге де болсын жағымды әсер берді.

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-38-53
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: zhasulan@mod.gov.kz

Инстаграм: militarycollege