Онкүндік Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде құқық бұзушылықтың алдын алудың 2022 жылға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі бірыңғай іс-шаралар жоспары шеңберінде өткізілді. Аталған онкүндікті өткізудің мақсаты - әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін Діни экстремизмнің деструктивті идеологиясының теріс әсерінен қорғау.
Онкүндік бойы әскери колледжінде профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Әскери қызметшілермен деструктивті идеологияның ықпалының алдын алу бойынша сабақтар өткізілді. Қазақстан халқының ұлтаралық және конфессияаралық бірлігі тақырыбына ерекше назар аударылды, акт залында «Жұмақ» қысқаметражды фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, әскери қызметшілердің жұбайларына өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, сондай-ақ балаларды деструктивті идеялардың әсерінен қорғау және алдын алу бойынша кеңестер берілді.
Тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімімен әскери ұжымның діни жағдайының жалпы портретін анықтау және жеке ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған тестілеу өткізілді.
Біздің еліміздің ең үлкен байлығы - бұл, ең алдымен, біздің бірлігіміз, бейбітшілік пен келісіміміз, біз оны бағалай және лайықты қорғауымыз керек.