Наурыз – рухани құндылықтарды нығайтатын қазақ халқының салт-дәстүрлерін жаңғыртатын, ынтымақтың, береке мен бірліктің мейрамы.

Бабалар мұрасын, салт-санасын, әдеби туындылары мен дәстүрлі өнерін білу, сақтау, ұрпақ бойына сіңіру аса маңызды ұстанымдардың бірі.

2022 жылғы 19-23 наурыз күндері Наурыз мейрамын атап өту мақсатында Әскери колледж ұландарымен бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайына  ғасырдан аса ұлттық құндылықтарға ие тарихи жәдігерлерді тамашалауға барды. «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты тәрбие сағаты, взводтар арасында Ұлттық ойын түрлерінен (қазақша күрес, қол күрес, тоғызқұмалақ) спорттық жарыс, «Наурыз мейрамы менің көзіммен» шығарма жазу, сурет салудан, ән мен күйден, биден, бата беруден сайыстар өткізілді. Мерекелік көңіл-күймен үздік шықан взводттар марапатталды.

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-38-53
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: zhasulan@mod.gov.kz

Инстаграм: militarycollege