Сіздерді 7-мамыр Отан қорғаушылар күнімен және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғана 30 жыл толуымен құттықтаймын. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты Әскери білім ордамыз талай жас жеткіншектерді әскери саланың алғашқы қыр-сырымен таныстырып, қанат қақтырды. Қазіргі таңда Әскери білім ордамыздан қанат қаққан осы жеткіншектердің алғашқы легі Тәуелсіз Қазақ елінің игілігі үшін қызмет атқарып жүр. Өзіміз қызмет атқарып жүрген, білім алып жатқан осы оқу ордасы Кеңес Одағының Батыры, еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі, елімізде алғашқы болып Халық Қаһарманы деген ең жоғарғы атаққа ие болған адам Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтің өмірлік жолы барлығымызға үлгі-өнеге. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріміздің 30 жылдық мерейтойында ел игілігі үшін жасап жатқан қызметтеріңізге елеулі жетістіктер мен табыс, отбастарыңызға амандық, елімізге тыныштық тілеймін. Отанға деген сүйіспеншіліктеріңіз жоғары, патриоттық рухтарыңыз биік болсын!