Президент жариялаған "Балалар жылы" аясында Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінде салтанатты түрде дене шынықтыру және спорт бойынша тәрбиеленушілердің сабақтарын өткізу үшін спорт алаңы ашылды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы генерал-майор Ахметов Жұмабек Хаттиолаұлы қатыстып,
ұландарға оқуда және спортта жетістіктер тіледі.
Футбол алаңының ашылуына орай ҚР ҚМ Ақпарат және коммуникациялар департаменті, Әскери полицияның бас басқармасы, Әскери инфрақұрылым бас басқармасы, Ұлттық қорғаныс университеті және Әскери колледж командалары арасында шағын футболдан турнир өтті.
Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ақпарат және коммуникациялар департаментінің командасы жеңімпаз атанды, екінші орынды Әскери полиция бас басқармасы, ал үшінші орынды Әскери инфрақұрылым бас басқармасының командасы иеленді.